ҚазҰУ ҰБТ пәндері бойынша тегін онлайн тестілеу өткізеді

18-нау-11

Көрулер: 3863

2011 ж. 28 наурыз және 2 сәуiр аралығында қазақстандық мектеп бітіруші түлектерөздерінің ЖОО-ға түсу бiлiмдерiн және дайындық деңгейін тексере алады.

Ол үшін университеттiң www.kaznu.kz сайтына тiркелу қажет. Әрбiр тiркелген бітіруші түлекке онлайн тестілеу жүйесіне кiруге арналған арнайы логин және пароль берiледi. Еліміз бойынша кең көлемді қамтып отырған акция бірінші рет ұйымдастырылып отыр. Бұл жоба ауылды жерлердегі мектеп бiтiрушiлер үшiн әлеуметтiк маңызға ие.

Бұдан бұрын ҚазҰУ-да Жастар интернет орталық базасында «Әл-Фараби» олимпиадасы шеңберiнде "ҰБТ пәндері бойынша онлайн тестілеу" жобасы жүзеге асты. Алматы қалалықБілім басқармасының ұйтқы болуымен өткен онлайн тестлеудеАлматы қалалық мектеп директорларына арнайы семинар-тренингтер ұйымдастырылды.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі