Туристік дәстүрлі «Алтын күз» слеті

13.10.2011

Көрулер: 2930

Кеше Алматы қаласы туризм, дене шынықтыру және спорт Басқармасы мен спорттық туризм Федерациясының ұйымдастыруымен туристік дәстүрлі «Алтын күз» атты слеті өтті. Оған ҚазҰУ-дан география және табиғатты пайдалану факультетінің рекреациялық география және туризм кафедрасының студенттері қатысып, слет қорытындысы бойынша студенттер командасы жалпыкомандалық 1-ші орын алды.

Команда кубокпен, қатысушылар медальдар және марапаттау қағаздарымен марапатталды. ҚазҰУ делегациясы 100 адамдай болып, қаладағы туристік топтардың ішіндегі ең көбі болып топ жарды.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі