«Тіл оқыту технологияларының диагностикасы» атты педагогикалық идеялар фестиваліне шақырады
25.11.2011Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы 2012 жылдың 15 ақпанында жоғарғы оқу орындары арасында өтетін «Тіл оқыту технологияларының диагностикасы» атты педагогикалық идеялар фестиваліне шақырады.
Фестиваль аясында жоғарғы оқу орындарында шетелдіктерге қазақ және орыс тілдерін оқытудың өзекті мәселелері мен жаңа бағыттарына, тіл оқытудың аспектілері мен сөйлеу қызметіне, Қазақстанның шет тілін оқытудағы тіл меңгерудің еуропалық деңгейлік сипат жүйесімен бірігу мәселелеріне арналған ҚазҰУ мен Алматы қаласындағы өзге жоғарғы оқу орындарының алдыңғы қатарлы оқытушылар қатысатын мастер-кластар мен дөңгелек үстелдер, әдістемелік семинарлар өткізу жоспарланып отыр.
Дискуссия барысында келесі мәселелер талқылауға ұсынылады :