Жаңалықтар

ҚР Әскері күшінің 20-жылдығына ҚазҰУ-да қазақстандық әскер өкілдерінің жоғары оқу орындарының түлектерімен кездесуі өтті

06.04.2012

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Студенттер сарайында «Отанды Қорғаушылар» фильмінің көрсетілімінен басталған кездесуге Алматы қаласындағы барлық жоғары оқу орынының әскери кафедра түлектері қатысты.

Ары қарай оқу >>

Студенттер жаңа жобаларды қолға алмақ

05.04.2012

2012 жылдың 4 сәуірі Жастар ұйымдары комитетінің кеңейтілген жиналысы өтті. Жиналыс барысында студенттік өзін-өзі басқарудың соңғы жаңалығы болып табылатын әр факультеттің Студенттік декандары белсенділер қатарына қабылданды.

Ары қарай оқу >>

Мектеп түлектерінің НАЗАРЫНА! АКЦИЯ! ҰБТ пәндері бойынша тегін қашықтықтан тестілеу!

05.04.2012

Құрметті мектеп түлектері!

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті сіздерді 2012 жылдың 9 сәуірінен 13 сәуір аралығында ҰБТ пәндері бойынша оn-line режимінде республикалық қашықтықтан тестілеуге қатысуға шақырады!

Тестілеу «Оn-line-тестілеу ҚазҰУ» жүйесінде өтеді: www.online-test.kaznu.kz.

Сервис сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін ашық.

Оn-line режимінде тіркелу 17.00-де аяқталады.

Тестік база 20.00-де блокқа түседі, тест уақыты – 180 мин.

Ары қарай оқу >>

6-7 сәуірде ҚазҰУ-да «Әлеуметтік-экономикалық және cаяси келеңсіздіктер тарихы: теориялық-методологиялық қайта ойлау» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді

04.04.2012

Ғылыми-тәжірибелік конференция тарих, археология және этнология факультетінің ұйымдастыруымен дәстүрлі «Бекмаханов оқулары» аясында өткізіледі.

Конференция мақсаты - қазақстандық және дүниежүзілік тарихтағы ұлттық көлемдегі дағдарыстық оқиғалардың зерттелуіндегі теориялық және методологиялық әдістерді дамыту.

Жиын қатысушылары «Қазақ халқы тарихының қасіретті беттері», «Ашаршылық - дәстүрлі шаруашылық жүргізуді күйрету салдары», «Дағдарыстық құбылыстар халықтар тарихындағы бетбұрыстар ретінде: себептері, факторлары, салдары» сияқты сұрақтарды қарастырады.

Баяндамалар мен хабарламалар тақырыптары Қазақстан тарихы, дүние жүзі тарихы, саясаттану, экономика, археология, деректану және тарихнама бойынша кең ауқымды мәселелерді қамтиды.

Ары қарай оқу >>

Әз-Наурыз молшылық алып келгей...

03.04.2012

Барша түркі халықтарының жаңа жылы әз-Наурыздың келуіне орай, қаламызда күн жылыған сияқты. Қар еріп, көк шығып, табиғат ана жаңа жылда жаңа кейіпке енуде. Төл мейрамды Қара шаңырақ – ҚазҰУ-дың қасиетті филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті де атап өтті. 31-наурыз күні факультетке қарасты 17-жатақхананың ауласында ат тұяғы дүбірлемесе де, адам шуы күбірлеген үлкен той болды.

Ары қарай оқу >>

Қазақ тілінің дамуы мен ғылыми бағыттарына арналған конференция өтеді

03.04.2012

6 сәуір 2012 жыл Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да мемлекеттік тіл кафедрасының ұйымдастыруымен М. Әуезов аудиториясында (312-ші) осы кафедраның негізін қалаған, қазақ тіл білімінің көрнекті өкілі, филология ғылымдарының докторы, профессор Талғат Сайрамбаевтың туғанына 75 жыл толуына орай өткізілетін «Қазақ синтаксисі: тарихи дамуы және қазіргі ғылыми бағыттары» атты Халықаралық ғылыми-теориялық конференциясы өтеді.

Ары қарай оқу >>

Форум алдында жастар бас қосты

02.04.2012

Наурыздың 30 жұлдызында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Сұңқар» студенттер кәсіподағының ұйымдастыруымен Журналистика факультеті ғимаратынының Т.Қожакеев атындағы залында ІІ Халықаралық Форум алдындағы «Жастардың кәсіподақтағы рөлі және болашағы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге «Сұңқар» студенттер кәсіподағының төрайымы Алия Қарақожаева жетекшілік етті.

Ары қарай оқу >>

Студенттік көктем жеңімпаздары марапатталды

02.04.2012

2012 жылдың 30 наурыз күні Ө.А.Жолдасбеков атындағы студенттер сарайында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ұйымдастыруымен жыл сайын өнерлі жастарды қолдау мақсатында өтетін «Студенттік көктем-2012» көркемөнерпаздар байқауының марапаттау рәсімі мен гала-концерті болды. Байқаудың мақсаты: білімгерлердің шығармашылығын дамытуға мүмкіндік беру арқылы, оларды тек сапалы маман ғана емес, жан-жақты, рухани дамыған, ұлтжанды тұлға етіп қалыптастыру.

Ары қарай оқу >>

Студенттеріміз пәндік олимпиадада шеберліктерін ортаға салды

31.03.2012

2012 жылдың 27-28 наурыз аралығында Түркістан қаласында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде ІV Республикалық студенттік дінтану және теология пән олимпиадасы өтті. Біздің университеттің атынан қатысқан студенттер Маликова Алтынай, Абдухамитов Бақдаулет, Берикбаев Ельнар, Умаров Бағлан, Укибаев Азат жетекшілік еткен дінтану және мәдениеттану кафедрасының оқытушысы Тунгатова Ұ.А. Олимпиаданы Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ президенті, т.ғ.д., профессор Л.Т. Ташимов құттықтау сөзімен ашты.

Ары қарай оқу >>

Химиядан үздіктер анықталды

30.03.2012

2012 жылдың 28-29 наурызында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің химия және химиялық технология факультетінде «050721- Органикалық заттардың химиялық технологиясы» және «5В060600-Химия» мамандықтары бойынша Республикалық студенттік пәндік олимпиада өткізілді.

Ары қарай оқу >>