Жаңалықтар

Ғарыш көшпендісі

17.04.2012

17 сәуір күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың механика-математика факультетінде Ұлттық ғарыш агенттігінің баспасөз хатшысы, «Қазақстан ғарыш сапары» Ұлттық компаниясы президентінің кеңесшісі, «Байқоңыр» ғарыш айлағындағы «ҚазАқпарат» ҰАА арнаулы тілшісі Нұрғалиева Сара Қабиқызы келіп, көрерменге «Ғарыш көшпендісі» атты Талғат Мұсабаевтың өмір жолы туралы фильм көрсетілді.

Ары қарай оқу >>

Ақындармен кездесу өтеді

17.04.2012

2012 жылдың 19-сәуір күні филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетін М.О. Әуезов атындағы 312 дәрісхана сағат 11.00-де шетел филологиясы және жалпы тіл білімі және аударма теориясы және әдіснамасы кафедрасының ұйымдастыруымен факультет түлегі, белгілі айтыскер ақын Балғынбек Имашев пен «Дарын» сыйлығының лауреаты, белгілі ақын Қалқаман Саринмен кездесу кеші өтеді.

Ары қарай оқу >>

Орталық пен клуб өз ойларын жеткізді

16.04.2012

2012 жылдың 11 сәуірінде Халықаралық қатынастар факультеті Дипломатиялық аударма кафедрасының жанынан құрылған «Инабат» рухани-мәдени орталығы (жетекшісі – доцент Б.Р. Құлжанова) мен «Тура би» шешендік клубының (жетекшісі – доцент Б. Ақбұзауова) ұйымдастыруымен «Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дастанындағы білім, ғылым жайлы ойлары» атты зияткерлік сұхбат өтті.

Ары қарай оқу >>

Жалпыуниверситеттік Наурыз тойланады

13.04.2012

14 сәуір сағат 12:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Наурыз мерекесі тойланады. Іс-шараға студенттер, оқытушылар, қызметкерлер мен университет ақсақалдары қатысады. Арнайы құттықтау сөзімен ҚазҰУ ректоры, академик Ғалым Мұтанов, ақсақалдар Кеңесінің мүшелері, шетелдік қонақтар сөйлейді.

Ары қарай оқу >>

«Біз» студенттер театры көрермен назарына «Миллион раушан гүл» қойылымын ұсынады

13.04.2012

14 наурыз сағат 18.00.-де Ө.А. Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Біз» студенттер театры көрермен назарына «Миллион раушан гүл» қойылымын ұсынады.

Ары қарай оқу >>

Білімді жастарға жаңа мүмкіндіктер

12.04.2012

Сеул университетіне (Оңтүстік Корея) магистратура және PhD докторантураға шәкіртақы бағдарламасы бойынша құжат қабылдау уақыты басталды. Құжаттар төмендегі техникалық мамандықтар бойынша іріктеліп алынады: архитектура, экология, физика, биология, инженерия, химия, компьютерлік инженерия, геоинформатика, нано-технология және т.б.

Ары қарай оқу >>

16 сәуірде 65-ші факультетаралық мини-футболдан ҚазҰУ спартакиадасы басталады

12.04.2012

Жарыс факультеттің студенттері (ерлер) арасында өткізіледі. Ойын университеттің спорткешенінде болады. 12 сәуір сағат 17:00-де дене шынықтыру және спорт кафедрасында төрешілер алқасының жиналысы өтті.

Ары қарай оқу >>

21 сәуір ҚазҰУ-да аэробикадан ашық фестиваль өтеді

11.04.2012

Жарыс әл-Фараби атындағы ҚазҰУ спорткешенінде өтеді. Жарысты ұйымдастырылуы және өткізілуі жөнінде жалпы басшылық аэробика циклінің оқытушылары, «Сұңқар» студенттер кәсіподағы, Алматы қаласы аэробика ассоциациясымен жүргізіледі.

Ары қарай оқу >>

Дәстүрлі А.М. Оразбаев оқулары

10.04.2012

26-27 сәуір күндері әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың археология, этнология және музеология кафедрасында А.М.Оразбаевтың 90 жылдығына орай өткізілетін «XIX ғасырдың Отандық археология мен этнология мәселелері мен жетістіктері» тақырыбындағы «IV Оразбаев оқулары» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция басталады.

Ары қарай оқу >>

23-26 сәуірде жылсайынғы халықаралық студенттер және жас ғалымдардың "Ғылым әлемі" атты конференциясы өтеді

10.04.2012

Конференция Қазақстан республикасының мемлекеттік рәміздерінің 20 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр.

Толығырақ келесі сілтемеден біле аласыздар: http://www.kaznu.kz/kz/3181/news/one/3926/.

Ары қарай оқу >>