Жаңалықтар

Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде ашық есік күні өтті

20.04.2012

ЖОО дейінгі білім беру факультетінде шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының ұйымдастыруымен «Ашық есік күні» өтті. Бұл мерекелік шараға Корея, Түркия, Испания, Үндістан, Франция, Иран Ислам Республикасы, Ауған Ислам Республикасы т.б. мемлекеттердің елшіліктері мен консулдықтарының өкілдері шақырылды.

Ары қарай оқу >>

Зерттеу университетінің ұжымы ҚазҰУ-да қонақта

20.04.2012

Сәуір айының 24 жұлдызында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде МИСИС ұлттық зерттеу технологиялық университеті ұжымымен кездесу өтеді. Кездесу мақсаты ғылыми ынтымақтастықты одfн ары дамытып, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы университеті аясында Нанотехнология бағыты бойынша магистрлік бағдарламаларды жүзеге асыру.

Ары қарай оқу >>

Форум аясында «Алматы» пирогы таратылды

20.04.2012

Бүгін ҚазҰУ-да әл-Фараби ескерткішінің жанында «Алматы» пирогының салтанатты кесілу рәсімі және мүмкіндігі шектеулі балалардың қолөнерінен жасалған бұйымдардың жәрмеңкесі “ЖОО және аймақтардағы жастар өзін-өзі басқару ұйымдарының дамуындағы студенттік қоғамдық бірлестіктердің рөлі” атты II Халықаралық студенттік форум аясында өтті.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-да жалпыуниверситеттік «100 кітап» апталығы өтеді

20.04.2012

2012 жылдың 23 сәуірі мен 3 мамыры аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Тәрбие жұмысы жөніндегі депатраментінің ұйымдастыруымен жалпыуниверситеттік «100 кітап» апталығы өтеді.

Апталықтың мақсаты - университет ректоры Ғ. Мұтановтың бастамасымен және барлық оқытушы-профессорлар тарапынан қолдау тапқан «ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап» жоба аясында жастарға өз елінің тарихын, мәдениетін, рухани құндылықтарын терең меңгерту, әлеуеті биік, мәдениеті жоғары маман қалыптастыру және жастарды кітап оқуға тәрбиелеу, тілдерді меңгеруге деген шығармашылық қабілеттерін жандандыру, сөйлеу мәдениетінің деңгейін арттыру.

«100 КІТАП» АПТАЛЫҒЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-да «Қазіргі әлемдегі ислам: даму барысы мен болашағы» атты халықаралық ғылыми симпозиум өз жұмысын бастады

19.04.2012

19 сәуір әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының IV съезі қарсаңында өткізілетін «Қазіргі әлемдегі ислам: даму барысы мен болашағы» атты халықаралық ғылыми симпозиумға Түркия Республикасынан келген делегациямен кездесуі өтті.

Ары қарай оқу >>

Өнері өрген жүзген Астана жастары ҚазҰУ студенттерімен кездесті

18.04.2012

«Театрға апаратын көше – жолдардың ұлысы»

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттерінің өз бойында классикалық мәдениет тәрбиесі мен рухани баюының ерекше сағаттары 17 сәуір күні Жастар рухани орталығында өтті.


Ары қарай оқу >>

КазҰУ Студенттер Сенатының кубогіне арналған ІІІ қалалық мини-футбол турнирі өтті

17.04.2012

2012 жылдың 16 сәуірінде ҚазҰУ футбол алаңында әл-Фараби атындағы Казақ ұлттық университеті Студенттер сенатының Кубогіне арналған жастар арасында мини-футболдан ІІІ қалалық турнир өтті.

Ары қарай оқу >>

Студент пен оқушы арасындағы диалог

17.04.2012

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің философия және саясаттану факультетінің дінтану және Мәдениеттану кафедрасының Iкурс магистранттары кәсіби-бағдар беру мақсатында Талғар қаласында орналасқан Ю. Гагарин атындағы №8 мектеп пен Т. Рысқұлов атындағы №9 мектепте болып қайтты.

Ары қарай оқу >>

Алматы қаласының мәдениет жылына арналған мәдени бастама

17.04.2012

12 сәуір күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ философия және саясаттану факультетінде ф.ғ.д., проф. Ж.Ж. Молдабековтың бастамасымен, мәдениеттану және философия мамандықтарының 1 курс магистранттарының ұйымдастыруымен Алматы қаласының мәдениет жылына арналған «Алматы – мәдениет пен жастықтың ордасы» атты дөңгелек үстел өтті.

Ары қарай оқу >>