Жаңалықтар

Аlma mater ҚазҰУ аруы – 2012 таңдады

24.04.2012

Университетте сұлулыққа құштар, әсемдікке әуес табынушылардың көптен күткен оқиғасы ұйымдастырылды. Ө. А. Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында «ҚазҰУ аруы-2012» ғашайып шоуы өтті.

Биыл біздің ЖОО-ның бірінші ханшайым атануға сұлу да көркем, тартымды да келісті 300 студент-үміткер қатысты. Олардың ішінен ең лайықты деген 13-і ақтық сынға жолдама алған.

Қатысушылар, байқау талабы бойынша қайталанбас шығармашылық бағдарламалар дайындап, ұлттық стилдегі кеш көйлектерін ұсынып, сондай-ақ, әділқазылар алқасы тарапынан қойылған сұрақтарға тыңғылықты жауап беріп өздерінің биік әлеуеттерін байқатты. Бақ сынасқан арулардың жанкүйрлері де қалың және жастық пен сұлулықтың сынға түскен қойылымында көрермен де көп болды.

Ары қарай оқу >>

«100 кітап» көшпелі көрмесі өз жұмысын бастады

24.04.2012

23 сәуір – Бүкіләлемдік кітап және авторлық құқық күні. Әлемнің жүздеген елдері салтанатпен атап өтетін бұл күн оқырман қауымы үшін үлкен мереке. Осы күнге орай, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Тәрбие жұмысы жөніндегі депатраментінің ұйымдастыруымен жалпыуниверситеттік «100 кітап» апталығы басталды.

Апталықтың шымылдығы журналистика, филология, әдебиеттану және әлем тілдері, тарих, археология және этнология факультетінің студенттеріне арналған «100 кітап» көшпелі көрмесімен ашылды.

Ары қарай оқу >>

«Ең үздік студенттік топ» байқауы

23.04.2012

Жуырда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті студенттері арасында «Ең үздік студенттік топ» байқауы жарияланған болатын. Бұл игі шараны білім-ғылымның форпосты атанған университетіміздің талантты да, дарынды студенттерін анықтау мақсатында «Сұңқар» студенттер кәсіподағы ұйымдастыруда. Аталған конкурсқа ҚазҰУ қабырғасында жинаған тәжірибелерін, білімдерін ортаға салып, бақтарын сынау үшін 2-3 курстың студенттік топтары қатысады.

Ары қарай оқу >>

Халықаралық қатынастар факультетіндегі елшілік сағаты

23.04.2012

19 сәуірінде халықаралық қатынастар факультетінің мәжіліс залында Корей Республикасының Бас консулы Шин Хён Ын мырза және Корей Республикасы Елшілігі өкілдігінің экономика және сауда сұрақтары бойынша қызметкері Чо Гын Хи ханыммен елшілік сағаты өтті.

Ары қарай оқу >>

Үстел теннисінен жарыс аяқталды

23.04.2012

65-ші ҚазҰУ факультетаралық спартакиадасының аясындағы үстел теннисінен жарыстар аяқталды

1 орынды биология және биотехнология факультеті иеленді

2 орынды филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті иеленді

3 орын механика-математика факультетінің еншісінде.

Ары қарай оқу >>

Бокстан өткен ашық біріншіліктіің қорытындылары белгілі болды

23.04.2012

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ бокстан өткен ашық біріншілігінің қорытындылары шығарылды

1 орын – биология және биотехнология факультетінің командасы

2 орын – халықаралық қатынастар факультетінің командасы

3 место – заң факультетінің командасы

4 место – физико-техникалық факультетінің командасы.

Ары қарай оқу >>

Тоғызқұмалақ ұлттық ойынынан жарыс өтті

23.04.2012

20 сәуірде география және табиғатты қорғау факультетінде Наурыз мерекесіне арналған Тоғызқұмалақ ұлттық ойыны бойынша факультет командалары арасында жарыс өтті. Жарыс нәтижесінде: 1 орын- География және табиғатты қорғау факультеті, 2 орын- Экономика және бизнес Жоғары мектебі, 3 орын- Механико-математика факультеті иеленді.

Ары қарай оқу >>

Студенттік форум өтті

23.04.2012

Дәстүрге айналған ҚазҰУ студенттерінің өзін-өзі басқару ұйымдарының ұйымдастыруымен өткізілетін халықаралық студенттер форумының екінші лебі биылғы жылы да өзі бағытын тапты. 20-21 сәуір күндері өткен форумның негізгі мақсаты өзін-өзі басқару мектеп шәкірттерінің басын қосып, жастар арасында тәжірибе алмасу алаңын құру және студенттік басқару ұйымдарын дамыту, сондай-ақ кәсіподақтардың халықаралық, өңірлік студенттік ұйымдар мен жас лидерлердің интеграциялануы.

Ары қарай оқу >>