Жаңалықтар

Елбасының "Ұлы дала ұлағаттары" кітабы талқыланды

02.12.2021

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» онкүндігі аясында Елбасының «Ұлы дала ұлағаттары» кітабы талқыланды. Оған белгілі қаламгерлер Ермахан Шайхыұлы, Нұржан Қуантайұлы және жазушы-аудармашы Мәлік Отарбаев қатысып, кітаптың құндылығы төңірегінде жастармен емен-жарқын сұхбаттасты.

Ары қарай оқу >>

ҚaзҰУ онлайн курсы әлемдегі ең танымал жүздікке енді

02.12.2021

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жаппай ашық онлайн курсы биыл әлем бойынша білім беру платформаларында іске қосылған 2900 курстың 100 ең танымал тобына кірді. «Молекулярлық биология әдістері» деп аталған курс, беделді Class Central онлайн курс іздеу жүйесі мәліметі бойынша, білім алушылар тарапынан үлкен сұранысқа ие.

Ары қарай оқу >>

Жастар елдіктің жеті қағидасын талқылады

02.12.2021

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Елдіктің жеті тұғыры» атты «Jas Otan Cases» жастар сессиясы өтті. Шараны Алматы қалалық «Jas Otan» Жастар қанатының төраға орынбасары Әкежан Кеңесов ашып, Елбасы үндеуінің мәні мен маңызына тоқталды.

Ары қарай оқу >>

Геодезиядағы Big data – жаңа заман мамандығы

02.12.2021

Цифрлық технологиялар дамуындағы әлемдік үрдістер бүгінде бұрын жаңаша саналған салалардың өзіне жоғары талаптар қоюда. Осы ретте Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «Геодезиядағы Big data» жаңа білім беру бағдарламасы бойынша маман даярлауды бастап кетті.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ студенттері Елбасының ауылына барды

01.12.2021

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Тәуелсіздіктің 30 жылдығына және ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған «Тәуелсіздік бәрінен қымбат»  онкүндігі басталды. Танымдық шараның алғашқы күні студенттер ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының «Атамекен» тарихи-мәдени орталығына барып, тарихи тұлғаның балалық шағы мен қызметтік жолымен танысып қайтты.  

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ студенттері кәсіпкер атанды

30.11.2021

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде жас кәсіпкерлер форумы өтті. Спикер ретінде Нұрлан Смағұлов, Арманжан Байтасов, Асылбек Қожахметов, Қайрат Мәжібаев, Гауһар Қаппарова, Нұржан Жаңабеков және басқа да көптеген танымал кәсіпкерлер сөз сөйледі. 

Ары қарай оқу >>