«Еліміздің еркіндігі – Тәуелсіздік»

География, жерге орналастыру және кадастр кафедрасының 3 курс «6В05205 – География» мамандығының студенттері «Еліміздің еркіндігі – Тәуелсіздік» тақырыбында куратор сағатын өткізді.

Куратор сағатында «Туелсіздік тарихы» атты видеоролик көрсетіліп, тәуелсіздік жолындағы қиын қыстау кезеңдер қамтылды және тәуелсіздік жылдарындағы оқиғалар талданды.  

Қазақстанның өсіп-өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан ардақты да аяулы тұлғаларымыздың еңбектері айтылды. Қазіргі жастарымыздың тәуелсіздікті құрметтеу керектігі, тәуелсіздік жолында білім мен ғылымға үлкен мән беру және жемқорлықтан таза болу керектігі баса айтылды.

Куратор сағатының соңында эдвайзер Мылқайдаров Әлім Төлекұлы атсалысқан студенттерге рахмет айта отырып, тәуелсіздігімізді қадірлеп, елімізді өркендету жолында айанбай еңбек ету керектігіне тоқталды.

 

Басылым күні :  22.12.2023