«Қарттарым асыл қазынам»

География, жерге орналастыру және кадастр кафедрасының 3 курс «6В05205 – География» мамандығының студенттері «Қарттарым асыл қазынам» тақырыбында куратор сағатын өткізді.

Куратор сағатында ортамызда жүрген қарияларымыздың бір кезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше орын алатын айтылды. Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан-жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп-өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептейміз. Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына. Кафедрадағы қарттарды еске алып, еңбектеріне тоқталып, жастарға үлгі ретінде көрсетілді.

Куратор сағатының соңында эдвайзер Мылқайдаров Әлім Төлекұлы атсалысқан студенттерге рахмет айта отырып, үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсете отырып, жастарымызды қарттарымызды қадірлеп, үлгі өнегелі істерін насихаттап жүруге шақырды.

 

 

Басылым күні :  31.10.2023