«12-ші Қытай халықаралық өнер фестивалі»

Әль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің, география жерге орналастыру және кадастр кафедрасының “Кадастр”және “Жерге орналастыру”мамандығының 3-курс  студенттері Сакенқызы Алнұр және Ерболова Еркенұр,Абдукаримқызы Шолпан, Мейрамкали Жанель қазан айының 11-20 аралығында  Қытайдың Бейжін және Чуанчжоу қалаларында өткен “12-ші Қытай халықаралық өнер фестиваліне” қатысты. Қыздарымыз өнерлерімен күн шығыс елінің көрермендерін тамсандырды.Аталған халықаралық фестивальге Қазақстан, АҚШ, Еуропа, Африка және бүкіл Азия елдерінен іріктелген 13 мемлекет қатысқан.

Басылым күні :  26.10.2023