Заң ғылымы мен білімнің негізін қалаушылар
|
ЗИМАНОВ САЛЫҚ ЗИМАНҰЛЫ (1921-2012)
Қазақ ғалымдары арасынан шыққан бірінші заң ғылымдарының докторы, заңгерлер арасынан - Қазақ КСР Ғылым Академиясының бірінші Академигі, заң ғылымының патриархы. Ол заң ғылымы мен заң білімінің дамуына, егемен Қазақстанның қалыптасуына елеулі үлес қосты. Зиманов С.З. 1991 жылғы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тəуелсіздігі туралы» конституциялық заңның авторларының бірі болып табылады, 1993 жылғы жəне 1995 жылғы ҚР Конституцияларының жобаларын дайындау жөніндегі сараптамалық топты басқарды, 1994 – 1995 жылдары ол ҚР Жоғарғы Кеңесінің конституциялық заңнама жəне адам құқықтары жөніндегі комитетінің төрағасы болды. |
|
|
|
|
| |
САРТАЕВ СҰЛТАН САРТАЙҰЛЫ (1927-2019)
Заң ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы ҰҒА Академигі. 1990 жылы жаңартылған Одақтық шартты дайындау үшін құрылған Мемлекеттік комиссияның құрамында Қазақ КСР атынан жұмыс істеді, Қазақ КСР егемендігі туралы Декларацияның (1990 ж.), «Қазақ КСР Президенті лауазымын құру жəне ҚазКСР Конституциясына (Негізгі Заңына) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңның (1990 ж.); «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тəуелсіздігі туралы» конституциялық заңның (1991 ж.), «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» заңның (1991) басты авторларының бірі болды. Оған қоса, С.С Сартаев - егемен Қазақстанның бірінші Конституциясын (1993 ж.) құрастырушылардың бірі, «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заң жобасы мен ҚР тіл саясатының тұжырымдамасын жасау жөніндегі комиссияның төрағасы болды.
|
|
|
|
|
БАЙМАХАНОВ МҰРАТ ТӘЖІМҰРАТҰЛЫ (1933-2022)
Заң ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы ҰҒА Академигі. 1992-1995 жылдары академик М.Т. Баймаханов Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотын - Қазақстандағы алғашқы конституциялық бақылау органын басқарды. 1978 жылғы Қазақ КСР Конституциясының, 1993 жылғы Қазақстан Республикасы Конституциясының жобаларын дайындау жөніндегі жұмыс жəне сараптамалық топтардың құрамына кірді, «Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы» заң жобасын дайындау жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі болды. Мұрат Тəжімұратұлы 50-ден астам кандидаттық диссертацияға ғылыми жетекшілік етті жəне кейіннен белгілі, əрі танымал ғалымдарға айналған бірқатар заң ғылымдарының докторларының ғылыми кеңесшісі болды. Кейін олар академик Баймахановтың ғылыми мектебін құрды. |
|
|
|
|
| |
САПАРҒАЛИЕВ ҒАЙРАТ САПАРҒАЛИҰЛЫ (1930-2010)
Заң ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы ҰҒА Академигі. Ол 1978 жылғы Қазақ КСР Конституциясының жобасын құруға қатысты, 1993 жылғы Қазақстан Республикасы Конституциясының жобасын əзірлеу жөніндегі жұмыс тобын басқарды, 1995 жылғы ҚР Конституциясының жобасын əзірлеу жөніндегі сараптамалық-консультативтік комиссияның мүшесі болды, көптеген заңдардың жобаларын əзірлеуге белсенді қатысты, оның басшылығымен заң жобаларына ғылыми-құқықтық сараптама жүргізілді. Ол «Құрмет» орденімен, бірқатар медальдермен, оның ішінде Польша Республикасының «Pro Memoria» мемориалдық медалімен (2003), Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамоталарымен марапатталған. |
|
|
|
| |
КИМ ВЛАДИМИР АЛЕКСАНДРОВИЧ (1922-2015)
Заң ғылымдарының докторы, профессор.
1982 жылдан 1999 жылға дейін конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасын басқарды.
1993 жылғы және 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституцияларының жобаларын әзірлеуге қатысты, ҚР Жоғарғы Кеңесінің 20-30 жылдардағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі және 1986 жылы 15-17 желтоқсанда болған оқиғаларды зерттеу жөніндегі комиссияларының мүшесі болды және хатшысының міндеттерін атқарды.
1995 жылғы ҚР Конституциясының жобасын әзірлеуге қатысқаны үшін: 1999 жылы «Құрмет» орденімен марапатталды. |






