ЖАҢАЛЫҚТАР

АНОНС: «Қазақстан Республикасының Конституциясы - Жаңа Қазақстанның дамуының құқықтық негізі» Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы: 2023 жылғы 25 тамыз

12.08.2023

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті сіздерді 2023 жылғы 25 тамызда сағат 11.00-де Қазақстан Республикасының Конституциясы Күніне арналған «Қазақстан Республикасының Конституциясы – Жаңа Қазақстанның дамуының құқықтық негізі» тақырыбындағы Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға шақырады.

Ары қарай оқу >>

2023 ЖЫЛЫ МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕР ҮШІН! Образовательная программа "Государственная служба и административная деятельность"

29.06.2023

2019 жылдан бастап мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасы «7М04205 - Мемлекеттік қызмет және әкімшілік қызмет» магистратурасының білім беру бағдарламасы бойынша ғылыми-педагогикалық бағыттағы мамандарды дайындайды.

Ары қарай оқу >>

Заң факультетінің таланттары

18.05.2023

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің заң факультетінде талантты магистранттар мен докторанттар оқиды.

Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасында 1 курс магистрі Жапарбек Арайлым оқиды. Ол ТМД студенттеріне арналған халықаралық ғылыми байқауға қатысты. Ұсынылған ғылыми жұмыстардың нәтижелері бойынша Жапарбек Арайлым «ТМД-ның үздік студенті-2023» төсбелгісімен марапатталды.

Ары қарай оқу >>

Ынтымақтастық туралы шарт заң білімі мен заң ғылымын дамыту үшін негіз болады

12.05.2023

Бүгін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің (Қазақстан Республикасы) Заң факультеті мен Доржи Банзаров атындағы Бурят Мемлекеттік Университетінің (Ресей Федерациясы) Заң факультеті арасында ынтымақтастық туралы шартқа қол қойылды.

Ары қарай оқу >>

«Жаңа Қазақстанда құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамның қалыптасуы: теория, практика және даму перспективалары» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы - 2023 жылғы 5 мамыр

05.05.2023

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Сіздерді 2023 жылғы 5 мамырда Қазақстан Республикасы ҰҒА академигі, заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Бірінші Конституциялық сотының бірінші төрағасы Мұрат Тәжі-Мұратұлы Баймахановты еске алуға арналған «Жаңа Қазақстанда құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамның қалыптасуы: теория, практика және даму перспективалары».

Ары қарай оқу >>

Профессор Н.Х. Калишеваның қонақ дәрісі

17.04.2023

2023 жылдың 17 сәуірінде ҚР ІІМ М. Букенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының жалпы заң пәндері кафедрасының ұйымдастыруымен біліктілікті арттыру курсында білім алып жүрген учаскелік полиция инспекторларына онлайн режимде Конституциялық және әкімшілік құқық саласындағы білікті маман, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Заң факультетінің мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының профессоры, заң ғылымдарының докторы Калишева Нажия Хусаиновнаның «Конституциялық реформа: Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқарудың қазіргі кезеңдегі трансформациясы» тақырыбында қонақ дәрісі өтті.

Ары қарай оқу >>

«ФАРАБИ ӘЛЕМІ-2023» -Халықаралық студенттік ғылыми коференциясы

08.04.2023

2023 жылдың 6 сәуірі мен 8 сәуірі аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде студенттер мен жас ғалымдардың дәстүрлі «Фараби әлемі» халықаралық конференциясы өтті. Конференцияға заң факультетінің студенттері, жас ғалымдары мен оқытушылары белсене қатысты.

Ары қарай оқу >>