Іс-шаралар

Танымдық жарыс

29.01.2023

 Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде түрік тілінің оқытушысы Буркитбаева Шынарай Дубировнаның басшылығымен 2.11.2022ж түркология фамандығының 1-курс және екі шет тілі мамандығының 2-курс студенттері арасында танымдық жарыс өтті. Екі топ та жарыс барысында өз өнерлерін көрсетіп, ұлттық билер билеп, өлең айтып, нәтижесінде жүлделі орындарға ие болды. Атап айтсақ, ең үздік деп танылған 1-орынды түркология мамандығы студенттері иеленсе,  екі шет тілі мамандығы студенттері 2-орынды қанжығалады. Одан бөлек, ерекше көрсеткен өнері үшін Шалқарбай Лашын, Жәнібекқызы Айкөркем, Құрақ Махаббат сынды студенттер марапатталса, түрік тіліндегі жаңылтпаштарды еркін жатқа айта білгені үшін Рахымбек Құралайым марапатқа ие болды. Әдемі дауыс иесі атағын түркология мамандығының студенті Хаджыева Юлдуз алса, белсене қатысқаны үшін Аразмадов Палта, Матиева Гырмызы, Розмурадова Гурбансултан марапатталды. Кешіміздің қонақтары мен әділ-қазылар алқасының құрамында Түркология және тіл теориясы кафедрасының меңгерушісі Авакова Р.А, Меңгерушісінің орынбасары Сұлтанбек Қ, Екінші орынбасары Ешметова Б, Оқытушы Құдиярова Ш, Қайрат А. Магистрант, т.б болды. Қызықты тартысқа толы болған кешіміз әсем әнмен аяқталды.

Ары қарай оқу >>

Тәрбие сағаты

19.11.2022

19.11.2022 күні кафедрамыздың аға оқытушысы Рахымбаев Аят Жұмашевич эдвайзерлік тобымен "Дулаттың асыл мұрасы" тақырыбында тәрбие сағат өткізді. Тәрбие сағат барысында көптеген тапсырмалар беріліп, ойындар ойнатылды. Студенттер сабақ барысында белсенділік танытты және тақырыпқа байлансты көп пайдалы ақпаратқа кенелді.

Ары қарай оқу >>

KazNU Marathon

22.10.2022

22 Қазанда Республика күніне арналған мерекелік шарада KazNU Marathon сайысына катысып 3 орын иеленген екі шет тілі мамандығының 2курс, 203 топ студенті Нысанбеков Шыңғыс Мейрамбекұлы.

Ары қарай оқу >>

Spelling bee

29.04.2022

29 – сәуір Филология факультетінің 316- аудиториясында «Шетел тілі: Екі шет тілі» мамандығының 101-топ студенттері ағылшын тілі оқытушысы Контек Айым Майбекқызының жетекшілігімен ҚазҰУ студенттеріне арналған “Spelling bee” сайысын ұйымдастырды.
Абай айтқан "білмекке құштарлықты" насихаттау, студенттердің ағылшын тілін жетік меңгеруге қажетті қабілеттерін арттыруды мақсат еткен бұл сайыс «1 - мамыр Қазақстан Халықтарының Бірлігі күніне» орай өткізілді.
Сайыс 30 деңгейден тұрды. Қатысушыларға деңгей бойынша сөздер берілді және әрбір қатысушы оны 2 минуттың ішінде «1. Cөз, 2. Әріптеп айту, 3. Сөз» реттілігін сақтай отырып, дұрыс, еш кідіріссіз, одағай сөздерсіз айтып шығуы керек болды. Әрбір қатысушы берілген сөздің синонимін, мағынасын, сөйлемде қолданылуын, сөз табын сұрап, ойланып жауап беруіне рұқсат. Кезең жалғасқан сайын сөздер қиындай түседі, соған сәйкес сөздер қиындаған сайын қатысушылар саны азая түсті. Іріктелген қатысушылар арасында сайыс өте тартысты өтті. Себебі жүлделі 3 орын иегерлерін анықтау қиынға соғып қосымша тағы бір кезең өткізілді. Дегенмен, 30 мықтының ішінен нағыз мықтылар алдыға суырылып шығып, жүлделі орындарға ие болды.
ҚазҰУ, филология факультеті, Аударма ісі мамандығының 2-курс студенті Джаркимбаева Камила Жүлделі 1 орынды иеленіп IELTS курсы мен Upper-Intermediate деңгейіндегі «Outcomes» оқулықтары және Dick Leonard-тың кітабын ұтып алды.
Шетел тілі: екі шет тілі мамандығының 3 курс студенті Сапаев Маруф 2 орын алып, бір жылдық деңгей көтеру курсын, Intermediate деңгейіндегі «Outcomes» оқулықтарымен бірге Rasma Karxlins-тың «The system made me do it» шығармасын жеңіп алды.
Шетел тілі: Екі шет тілі мамандығының 1 курс студенті Олжас Сайран «Outcomes» оқулықтарын және Elizabeth Gaskell-дың «North and South» шығармасын ұтып алды.
4,5 орын иегерлеріне демеушілеріміз ағылшын кітаптарын табыстады.
Сайысқа демеушілік еткен ағылшын тілі курстары мен оқулықтар авторы Қуаныш Айдар және «Poligon International» (bookshop.almaty) фирмасы сыйлаған өнімдер жеңіпмаздардың да қатысушылардың да игілігіне жарады, себебі білімді арттыруда таптырмас құралдар таңдалған.
Барлық қатысушыларға, ұйымдастырушыларға жеңілдік купондары ұсынылды. Барлығы сертификаттармен марапатталып, естелік суретке түсті. Студенттердің ұйымдастырушыларға өз ризашылықтарын айтып, жылы лебіздерін білдіргені, тағы да осындай жарыстар өткізілсе деген тілектері ерекше қуаныш сыйлады.
Бұл бәсекеде жүйріктерді анықтауда төрешілік еткен UIB оқытушысы Ишигова Инара және ҚазҰУ- дың аға оқытушысы Қоңырбекова Толқын ұстаздардың еңбегі ерен, себебі ағылшын тілін жетік меңгерген студенттердің тартысын таразылау оңай болмады.
Бұл жобаға үлкен қолдау көрсеткен түркология және тіл теориясы кафедрасының меңгерушісі Авакова Раушан Амирдиновна және кафедра меңгерушісіінің оқу-әдістемелік және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мамбетова Мәншүк Құдайбергенқызы студенттердің бастамасына ризашылығын, ізгі тілектерін білдірді. Бұл жобаның жоғары деңгейде өткенін атап өтті. Студенттерге пайдалы дүниелердің жалғасын табарына сенім білдірді.
Бұндай ауқымды шараны өткізген көшбасшы, жан жақты шәкірттердің кураторы, ҚазҰУ PhD  докторы, доцент Досанова Альбина Маратханқызына көп алғыс айтылды.

Ары қарай оқу >>