«Қаржы және Есеп» кафедрасының куратор-эдвайзері Г.И. Супугалиева «Қаржы» мамандығы 3 курс студенттерімен БҰҰ 11. Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ 11) аясында еліміздің мадени ордасы - Алматы қаласының төл тарихына тереңірек үңіліп, танып білу мақсатында Д.А. Қонаев музейіне барып қа

30.09.2023

Көрулер: 311

2023 жылдың 30 қыркүйек күні «Қаржы және Есеп» кафедрасының куратор-эдвайзері Г.И. Супугалиева «Қаржы» мамандығы 3 курс студенттерімен БҰҰ 11. Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ 11) аясында еліміздің мадени ордасы - Алматы қаласының төл тарихына тереңірек үңіліп, танып білу мақсатында Д.А. Қонаев музейіне барып қайтты.Өзінің үлкен мәдениеттілігімен, иманжүзді ізеттілігімен танылып, халық дәстүрін жақсы білетін, тағылымы терең, ой-өресі биік жан ретінде тарих төрінен зор орын алған тұлғаның музейіне барып, студенттеріміз рухани байып қайтты.Өмірінің соңына дейін ел үшін барын берген Д. А. Қонаевтың өмірімен толық танысып, өмірінің бір бөлшегін өз көзімізбен көру бойымыздағы патриоттық сезімді одан әрі күшейтіп, зор әсерге бөледі.