“Ұйымдарда ESG практикасын енгізу: халықаралық тәжірибе және қазақстандық практика” тақырыбындағы дөңгелек үстел

26.09.2023

Көрулер: 331

2023 жылғы 26 қыркүйек сағат 14:00-де тұрақты дамудың "Өнеркәсіп, инновация және инфрақұрылым" 9-мақсаты аясында Экономика және бизнес Жоғары мектебінің "Қаржы және есеп" кафедрасы ПОҚ және 2,3 курс студенттерінің қатысуымен “Ұйымдарда ESG практикасын енгізу: халықаралық тәжірибе және қазақстандық практика” тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Пікірталас алаңында ПОҚ және студенттер тұрақты даму жобаларын қаржыландырудың жаһандық трендтерін, корпоративтік ESG-стратегияларды, жасыл қаржыландырудың қолжетімді құралдарын, сондай-ақ Орталық Азия мен Қазақстандағы ESG-жобаларды қоса алғанда, ESG қағидаттарын енгізу мәселелерін талқылады.