«Жаһандық сын-қатерлер мен білім берудің цифрлық трансформациясы жағдайында мамандарды даярлаудағы заманауи тәсілдер» атты халықаралық семинар-тренингі өтті

14.09.2023

Көрулер: 508

14 қыркүйек 2023 жыл

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің «Қаржы және есеп» кафедрасы Белосток технологиялық университетінің «Zireg-Zintegrowany Program Politechniki Białostockiej Na Rzecz Rozwoju Regionalnego» жобасы аясында, сонымен қатар «Сапалы білім» тұрақты дамудың 4 мақсаты (ТДМ) аясында «Жаһандық сын-қатерлер мен білім берудің цифрлық трансформациясы жағдайында мамандарды даярлаудағы заманауи тәсілдер» атты халықаралық семинар-тренингін «Қаржы және есеп» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы мен Польшадан келген оқытушылар Эва Рауба және Малгорзата Раубаның (Белосток технологиялық университеті https://pb.edu.pl/) қатысуымен өткізді.

Семинар-тренингте келесідей мәселелер талқыланды: Қазақстандағы ғылыми гранттық жобаларды дайындау; Белосток технологиялық университетіндегі білім беруді цифрландыру; студенттерді оқытудың онлайн-курстарын енгізу және өткізу; білім берудегі инновациялар; университеттердің цифрлық инфрақұрылымы: проблемалары мен болашағы; білім берудің цифрлық моделінің мәселелері қарастырылады; жасанды интеллекттің жоғары оқу орындарына әсері. Семинар-тренингтің қорытындысында мамандарды даярлаудың заманауи тәсілдерінде қарастырылып жатқан мәселелерді талқылау мақсатында ашық пікірталас өтті.