18.10.2022

Көрулер: 573

Жоғары мектептің «Қаржы және есеп» кафедрасының ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасының аудиторлары» күніне орай, 18 қазан күні «Мамандығым- мақтанышым!» тақырыбында интеллектуалдық сайыс өткізілді. Есеп және аудит мамандығынан оқытушылар Арыстамбаева А.З., Исаева А.А., Жунисова Г.Е. жетекшілігімен 2 қазақ тілді топтар, Когут О.Ю. мен Актуреева Э.А. жетекшілігімен орыс тілді топ жасақталып, өзге университетерден келген топтармен жолдастық кездесу ұйымдастырылып өткізілді. Қазақ Ұлттық аграрлық зерттеу унивреистетінен Бердімұрат Н. Б. басшылығымен  қазақ және орыс тілді екі команда, «Тұран» университетінен Досаева А. Ж. басшылығымен қазақ және орыс тілді екі команда қатысты. Сайыс кафедра меңгерушісі Нурмагамбетова А.З. құттықтау сөздерімен ашылған болатын. Қазақ тілінде 4 команда және орыс тілді 3 команда арасында жүлделі орындар сарапқа салынды. Тест тапсырмаларын жақсы шеше білген, есептің шартына сәйкес балансты құрастыра білген, сонымен қатар, бухгалтерлік есеп терминдерін жылдам, әрі дұрыс таба білген топтардың еңбектері озық деп бағаланып, дипломдар табысталды. Мұндай сайыстар студенттердің өзі білімін тексеруге де, қалада басқа университтерде білім алып жатқан жастармен өзара жақсы қарым-қатынас орнатуларына да үлкен мүмкіндіктер береді.