был проведен Круглый стол на тему «Бухгалтерский учет в условиях цифровизации и глобализации»,

04.10.2022

Көрулер: 660

Әл-Фараби атындағы Қааақ Ұлттық университеті Экономика және бизнес Жоғары мектебінің «Қаржы және есеп»  кафедрасы оқытушыларының ұйымдастыруымен 4 қазан күні Қазақстан республикасы «Бухгалтерлер күні» кәсіби мерекесіне орай «Цифрландыру мен жаһандану жағдайындағы бухгалтерлік есеп» тақырыбында келелі кеңес өткізілді. Кеңеске «ҚР қаржы мамандарының Палатасы» Бухгалтерлердің кәсіби Бірлестігінің тәуелсіз директоры,  CIPAEN Inc. Директоры, UENET директоры Шютц Дмитрий Александрович, кафедра оқытушылары мен студенттер қатысты. Шютц Д.А. студенттермен өз тәжірибесімен бөлісіп, бухгалтерлік есеп және аудит саласының түлектерінің бүгінгі күнгі мүмкіндіктерін айтты. Цифрландыру және жаһандандыру жағдайындағы бухгалтер мамандардың бүгіні мен болашағына қатысты пікрілермен алмасты. Түлектердің кәсіби құзіреттілігіне қатысты нақты мақсаттар қойылды.