8D05206 - Табиғи-техногендік қауіпті-қатерлер

Название ОП

8D05206 - Табиғи-техногендік қауіпті-қатерлер

Білім беру саласы

8D05 - Жаратылыстану ғылымдар, математика және статистика

Даярлау бағыты

8D052 - Қоршаған орта

ББ бағдарламаның тобы

D087 - Қоршаған ортаны қорғау технологиясы

ББ мақсаты

Перспективалық бағыттарды дамытуға бағытталған әдіснамалар мен цифрлық технологиялар негіздері бойынша ғылыми және өндірістік міндеттерді шешу үшін қоршаған ортаны, экологиялық мониторингті және картографияны зерделеу кезінде географиялық әдістердің беделін көрсетуге қабілетті жоғары білікті ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау;

Оқыту тілі

Қазақ, орыс, ағылшын

Кредиттер көлемі

180 ECTS

Берілетін академиялық дәрежесі

Философия докторы (PhD)

ББ күтілетін оқыту нәтижелері

Білім беру бағдарламасын аяқтағаннан кейін магистр білуі керек:

  1. Ғылым мен қоғамның ғылыми және өндірістік сұраныстарын шешу үшін қоршаған ортаның ластануын зерттеуде, экологиялық мониторинг пен геожүйелерді картаға түсіруде географиялық әдістердің артықшылықтарын көрсету;
  2. Тарихи өзгеріп отыратын әлеуметтік-мәдени контексте географиялық зерттеулер саласындағы ғылыми білімдерді өндіру бойынша ғылыми зерттеулердің кешенді процесін және ерекше қызметті дамыту үрдістерін құру;
  3. Геожүйелердің динамикасы мен болжамын географиялық зерттеу кезінде қажетті инновациялық ақпарат көздерінің басым қасиеттерін бағалау және географиялық мәселелерді шешу үшін геожүйелердің экожағдайын қалпына келтіру және сақтау бойынша ұсыныстар әзірлеу;
  4. Географиялық ақпаратты өңдеу, талдау және синтездеу үшін таңдалған географиялық зерттеу әдістерін талдау және оларды ғылыми және өндірістік процестерде пайдалану;
  5. Кәсіби қызметтің ғылыми-зерттеу және өндірістік-технологиялық міндеттерін шешу үшін заманауи компьютерлік бағдарламаларды ұсыну;
  6. Жергілікті, өңірлік және ұлттық деңгейлерде геожүйені ресурсты үнемдеу, табиғатты қорғау және мониторингілеу бағдарламасын әзірлеу және көрсеткіштерді әзірлеу жүйелеріне және мамандығы бойынша бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз етуге бағытталған ұйымды жүзеге асыруға баға беру;
  7. Ғарыш түсірілімдері мен географиялық ақпаратты талдау мен өңдеудің жаңа әдістеріне ғылыми-техникалық сараптама жүргізу;
  8. Жергілікті, өңірлік және ұлттық деңгейлерде ресурсты үнемдеудің экологиялық-экономикалық проблемаларын шешу үшін бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру жөніндегі географиялық жобаларға басшылық ету;
  9. Жоғары мектепте бейіндік қызметтің ғылыми және оқу жоспарларын әзірлеу үшін геожүйелерді модельдеу саласындағы техникалық тапсырма негізінде жоба құру;

10.  Әртүрлі ғылыми және өндірістік ұйымдармен пәнаралық байланыстарды тереңдету үшін салааралық салаларда зерттеудің қазіргі заманғы географиялық әдістерін енгізу және пайдалану бойынша жаңа идеялар мен бағыттарды генерациялау;

11.  Күрделі ғылыми-өндірістік бағдарламалар мен экономикалық даму жобаларын іске асыру үшін геожүйені инновациялық модельдеу мәселелері бойынша пәнаралық білімді зерттеу процесіне интеграциялау;

12.  Қиын төтенше жағдайларға қатысу кезінде шешімдер қабылдау және қарсыластарды себептерді жоюдың дұрыс әдістері туралы сендіру;

Талапкерлер үшін

 

Академиялық қызмет

Білім беру бағдарламасының академиялық қызметі:

-        география ғылымдары саласындағы жоғары білім саласындағы қолданыстағы нормативтік құжаттар мен әдістемелік ұсынымдар шеңберінде;

-        университетте оқу-әдістемелік үдерісті реттейтін нормативтік құжаттарды жүзеге асыру нәтижесінде;

-        әдістемелік жұмысқа қатысты жаңа нормативтік-құқықтық актілерді жалпылау және таратумен;

-        -университеттің оқу-әдістемелік жұмысын ағымдағы және перспективалық жоспарлау; нормативтік-құқықтық актілерге, оқу жұмыс жоспарына және білім беру бағдарламасына сәйкестігіне кафедра пәнінің оқу-әдістемелік кешенін (ПОӘК) келісумен;

-        -оқу процесін оқу-әдістемелік материалдармен қамтамасыз ету мониторингімен, нәтижелерді құжаттамалық ресімдеумен;

-        -оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеумен; жұмыс оқу жоспарын әзірлеумен және іске асырумен

                                                                         атқарылады

Ғылыми қызмет

«8D05206- Табиғи-техногендік қауіпті-қатерлер» білім беру бағдарламаларын іске асыру үшін факультетте және картография және Геоинформатика кафедрасында оқу-зертханалық картографиялық орталығы (ОКО) бар, оның құрамына мыналар кіреді:

-        геоақпараттық карография зертханасы;

-        Жерді қашықтықтан зерделеу зертханасы;

-        геодезия және картография зертханасы;

-        геоинформатика және жас ғалымдар орталығы;

-        жедел метеорологиялық ақпаратты қабылдау және мұрағаттау орталығы;

-        геокамера. 

«8D05206- Табиғи-техногендік қауіпті-қатерлер» ББ-ның докторантура бағытындағы бірегейлігі ҚР табиғатты ұтымды пайдалану мақсаттары үшін экология, геоэкология және олардың қолданбалы аспектілерін зерделеу үшін халықаралық саланы интеграциялау үшін ғылыми-зерттеу, практикалық қызметке бағытталған қоршаған орта саласындағы жоғары білікті кадрларды даярлау бағытынан тұрады.

Халықаралық қызмет

«Картография және Геоинформатика» кафедрасы докторанттардың академиялық ұтқырлығы бойынша Зальцбург университетімен, Дортмунд техникалық университетінің Геоинформатика орталығымен (Дортмунд, Германия), Амстердам университетімен (Амстердам, Нидерланды), Мичиган технологиялық университетімен, Батыс – Венгрия университетімен, Кошалин технологиялық университетімен (Польша Республикасы, Кошалина қ.), Абуда университетімен (Венгрия) ынтымақтастық туралы келісім-шарттары бар.  

Халықаралық байланыстарды конференцияларға қатысу, халықаралық әріптестермен ғылыми және педагогикалық қызметте тәжірибе алмасу, сондай-ақ ынтымақтастық туралы халықаралық шарттар жасалған жоғары оқу орындарында кафедра қызметкерлерінің біліктілігін арттыру түрінде жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Сапаны қамтамасыз ету (аккредиттеу, рейтинг, жұмыс берушілермен жұмыс)

Халықаралық және ұлттық аккредиттеу.

Бағдарламаның түлектерін болашақта жұмысқа орналастыру үшін негізгі жұмыс берушілер:

-         ҚР Ішкі істер министрлігі жанындағы төтенші жағдай бойынша комитеті;

-         Төтенші жағдай бойынша аудандық және облыстық департаменттер;

-         Төтенші және апатты жағдайлардың қаупін төмендету Орталық; (Алматы қ)

-         «Казселқорғау» МБ ҚР ІІМ ТЖК;

-         Сейсмология институты;

-         География институты ҚР БҒМ (лабораторилар: гляциология, табиғи қаупті-қатерлер, геоморфология және геоақпараттық картографиялау);

-         Қ.И.Сәтбаев атындағы Геология ғылымдар институты;

-         Ахмедсафин атындағы Гидрология және геоэкология институты;

-         Облыстық жер ресурстар комитеттері.

-         «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» АҚ;