8D05203 – Гидрология

Білім беру бағдарламасы

8D05203 – Гидрология

Білім саласы

8D05 Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика

Дайындық бағыты

8D052 Қоршаған орта

Білім беру бағдарламаларының тобы

8D05 Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика

БББ мақсаты

Білім беру бағдарламасының мақсаты - гидрология ғылымының теориялық және әдіснамалық негіздерін терең зерттеуге, сондай-ақ аралас ғылым салалары мен цифрлық технологияларға қатысты білім мен әдіснаманы жүйелі пайдалану негізінде гидрологиялық ғылым, білім, тәжірибе салаларында инновациялық қызметке қабілетті жоғары білікті мамандарды даярлау.

Білім беру бағдарламасын іске асыру келесі қабілеттерге ие маман тұлғасын қалыптастыруға бағытталған:

- ғылымды дамытатын жаңа тұжырымдамалық білімді қалыптастыруға қабілетті;

- ғылыми пікірталас аясында, оның ішінде халықаралық ғылыми іс-шаралардың жұмыс тілінде мамандарға дәлелді түрде ұсыну;

- гидрология ғылымы мен практикасының басым бағыттары бойынша ғылыми-зертту, басқарушылық және сараптамалық қызметтерді сәтті жүзеге асыра алу.

Оқыту тілі

Қазақ, орыс, ағылшын

Кредиттердің көлемі

180 академиялық кредит

Берілетін академиялық дәреже

8D05203_ – Гидрология» оқу бағдарламасы бойынша PhD философия докторы

Оқытудың нәтижесі

Осы ББ сәтті аяқтағаннан кейін докторанттар қабілетті болады:

1. Жоғары білім берудің негізгі оқу бағдарламалары бойынша педагогикалық қызметті жүргізу, гидрология ғылым саласы, Жер туралы ғылымдар және іргелес ғылым салаларында әртүрлі пәндер бойынша ақпараттық технологияларды пайдаланып, аудиториялық сабақтар, зертханалық зерттеулер түрінде студенттерді оқыту және даярлау және далалық практиканы жүзеге асыру;

2. гидрологиялық деректер базасын және сонымен қатар зерттеу тақырыптары бойынша ғылыми-техникалық ақпараттарды жинау, өңдеу, талдау және жүйелеу, гидрологиялық өнімдерді шығарудың әдістері мен құралдарын таңдау және негіздеу;

3. гидрология, гидрологиялық үрдістер салаларында ғылыми зерттеулер мен техникалық әзірлемелерді орындау бағдарламаларын жоспарлау және дайындау, заманауи компьютерлік мен ГАЖ технологияларын қолданып, далалық зерттеулер, ізденістер және ғылыми жұмыстарды жүргізу тапсырмаларын дайындау;

4. бірлескен зерттеулерді жүзеге асыру үшін шетелдік әріптестермен ғылыми байланыстар, ғылыми нәтижелерді жоғары рейтингтік журналдарда жарияланатын; гидрометеорология саласында ғылыми зерттеулердің заманауи әдістерін пайдалану;

5. табиғи-шаруашылық кәсіпорындар мен су-шаруашылық кешендердің ғылыми-техникалық және инженерлік мәселелерін шешу үшін жобалардың ғылыми және гидрологиялық сараптамаларын жүргізу;

6. гидрологиялық үдерістерді үлгілеуге математикалық және сандық әдістерді пайдалану, Жерді қашықтықтан зерделеу және рельефтің (төселме беттің) сандық моделі мәліметтерін қолданумен геоақпараттық үлгілеудің әдістерін меңгеру;

7. елдің су ресурстарын ұтымды және тұрақты пайдалану мақсатында гидрологиялық үдерістер, құбылыстар мен нысандарды гидрологиялық, гидравликалық және математикалық модельдерге негізделген зерттеулер нәтижелерін бағалау және ұсыныстар жасау.

8. аймақтарда су басу, су тасу, ең аз ағынды, жер беті ағындысы сияқты сияқты қауіпті гидрологиялық құбылыстардың болашақта алдын-ала хабарлау үшін олардың қазіргі өзгерістеріндегі аймақтық көрініс табу себептерін негіздеу және түсіндіру.

9. экономика салалары мен халықты сумен қамтамасыз ету көзі ретінде су ресурстары режимінің мен табиғи су көздерінің су сапасын қазіргі және болашақтағы (болжамдық) жағдайын есептеу, талдау.

10. табиғи-шаруашылық жүйелерді сумен қамтамасыз ету сценарийлерін оңтайландыру үшін су ресурстарын басқарудың жаңа әдістерін және құралдарын дайындау және ұсыну, эксперименттерді ұйымдастыру және жүргізу, өзен суларының гидрохимиялық өзгерістері динамикасын талдау.

11. гидрологиялық ақпараттардың шұғыл түсімін бақылау және туындаған қауіпті гидрологиялық құбылыстар мен жалпы қауіп-қатерлі жағдайларды шешу үшін бірлескен шаралар қабылдау.

12. топпен жұмыс істеу қабілетін көрсете білу, ғылыми және ғылыми-білім беру міндеттерді шешу бойынша қазақстандық мен халықаралық ғылыми зерттеу топтардың жұмысына қатысуға қажетті тұлғалық және көшбасшылық қасиеттерімен ерекшелену, су нысандарының гидрологиялық режимінің жай-күйіне сапалы және сандық талдау жүргізу.

Оқуға түсушілер үшін

https://welcome.kaznu.kz/ru/education_programs/doctorate/speciality/1665

Академиялық қызмет

Білім беру бағдарламасының академиялық қызметі жүзеге асырылады:

- гидрология ғылым саласындағы жоғары білім аясында қолданылатын нормативтік құжаттар мен әдістемелік ұсынымдар шеңберінде;

- университетте оқу-әдістемелік үдерісті реттейтін нормативтік құжаттарды жүзеге асыру нәтижесінде;

- әдістемелік жұмысқа қатысты жаңа нормативтік-құқықтық актілерді жалпылау және таратумен;

- университеттің оқу-әдістемелік жұмысын ағымдағы және болашаққа жоспарлау; нормативтік-құқықтық актілерге, оқу жұмыс жоспарына және білім беру бағдарламасына сәйкестігіне кафедраның пәннің оқу-әдістемелік кешенімен (ПОӘК) келістіру;

- оқу үдерісін оқу-әдістемелік материалдармен қамтамасыз ету мониторингімен, нәтижелерді құжаттамалық ресімдеумен;

- оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеу; жұмыс оқу жоспарын дайындау және іске асыру.

Ғылыми қызмет

Білім беру бағдарламаларын іске асыру үшін факультеттің материалдық-техникалық базасы, зертханалары бар:

- оқу-зертханалық гидрологиялық орталық, оның құрамына: гидрометрия оқу зертханасы, гидрологиялық ақпарат үшін мұрағат орталығы; ГАЖ технологиялар бөлмесі,

- Экология мәселелері ғылыми-зерттеу институтының зертханалары,

- Қашықтықтан оқыту орталығы.

Метеорология және гидрология кафедраның ғылыми бағыттары:

-урбандалған аумақтардың гидрологиялық режимнің элементтеріне әсері;

-гидрологиялық үдерістерді модельдеу, ГАЖ ортасында гидрологиялық карта жасау;

- су нысандарын ғарыштық мониторинг;

- су басу мен су тасқыны қауіптерінің сандық сипаттамаларын бағалау және болжау;

- су ресурстарын басқару.

Халықаралық қызмет

Докторанттардың академиялық ұтқырлығы университеттер арасындағы келісімдер/келісім шарттар немесе бірлескен жобалар шеңберінде жүзеге асырылады. Ішкі академиялық ұтқырлық үшін докторанттардың, жіберуші және қабылдаушы үш жақты келісімі/келісім шарттары және сыртқы академиялық ұтқырлық үшін шақыру хаттары қажет. Докторанттар жетекші және беделді шетелдік ЖОО-да ғылыми тағылымдамалардан өтеді: Линкольн Университеті (Ұлыбритания), Аберистуит Университеті (Уэльс), Рейдинг Университеті (Англия), Марбург университеті (Германия), Грайфсвальд университеті (Германия), Киль университеті (Германия), Валенсия техникалық университеті (Испания), Париж-1 Пантеон-Сорбонна университеті (Франция), Оулу университеті (Финляндия), Ғылым және технология университеті (Иордания), Ресей мемлекеттік гидрометеорологиялық университеті (Ресей), М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті (Ресей).

Білім беру бағдарламасының оқытушылары тәжірибе алмасу, жаңа құзыреттер алу, білім беру дағдыларын жақсарту үшін шетелде тағылымдамалар, білім беру курстарынан өтеді.

Сапаны қамтамасыз ету (аккредиттеу, рейтинг, жұмыс берушілермен жұмыс)

Халықаралық және ұлттық аккредиттеу

Аталған білім бағдарламасы «ACQUIN» агенттігінің халықаралық аккредитациясынан өткен, аккредитация 2023 жылдың 30 қыркүйегіне дейін жарамды. ҚР жоғарғы оқу орындарының оқу бағдарламаларының АРТА және БСҚБТА рейтинг нәтижелері бойынша ОБ бірінші орындарға ие.

Бағдарламаның түлектерін болашақта жұмысқа орналастыру үшін негізгі жұмыс берушілер:

1) РМК «Қазгидромет» бөлімдері;

2) ҚР ІІМ ТЖК ММ «Қазселденқорғау бөлімдері;

3) ҚР БҒМ География және су қауіпсіздігі институты бөлімдері;

4) ҚР Энергетика Министрлігі;

5) ҚР Су ресурстары комитеті;

6) Казгипроводхоз институты

7) беттік сулардың гидросферасы мен су ресурстарын және оның мұхитпен өзара әсерін зерттеумен айналысатын академикалық және ғылыми-зерттеу институттары;

8) су ресурстарының өзгерістері мен олардың трансформациясымен байланысты ұйымдар, мекемелер және кәсіпорындар;

9) қызметтері су нысандарының жағдайына тәуелді әртүрлі жобалық, ізденіс, зерттеу институттары, бюро, фирмалар;

10) табиғатты қорғау және табиғатты басқару органдары;

11) жоғары білім мекемелері.