8D01503 География

Білім беру бағдарламасы

8D01503 География

Білім саласы

8D01 Педагогикалық ғылымдар

Дайындық бағыты

8D015 Жаратылыстану пәндері бойынша педагогтарды даярлау

Білім беру бағдарламаларының тобы

D015 География педагогтерін даярлау

БББ мақсаты

Білім беру саласында тиімді жұмыс жасай алатын, заманауи педагогикалық білім беру әдістері мен ақпараттық технологияларды қолдана отырып, инновациялық білім беру саясатының міндеттерін жүзеге асыра алатын, сонымен қатар географиялық проблемалар саласында жаңа білімді қалыптастыратын, тиімді қарым-қатынас жасай алатын, академиялық шет тілі бойынша ғылыми қоғамдастық және халықаралық ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізетін жоғары білікті ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау.

Оқыту тілі

Қазақ, орыс, ағылшын

Кредиттердің көлемі

180 академиялық кредиттер 

Берілетін академиялық дәреже

философия докторы (PhD)

Оқытудың нәтижесі

ON1. Жекелеген елдер деңгейінде де, жаһандық деңгейде де әлеуметтік-экономикалық, физика-географиялық және саяси процестерді кешенді аумақтық талдау және басқару әдістерін сипаттау
ON2. Жобалық менеджмент моделін пайдалану, тәуекелдерді ескере отырып, олардың тиімділігін талдау осы модельдердің нақты географиялық міндеттерге бейімделуін жүргізу;
ON3. Ғылыми зерттеулер үдерісін жоспарлау, әзірлеу, іске асыру және үйлестіру;
ON4. ГАЖ технологияларының көмегімен географиялық ақпаратты өңдеудің заманауи инновациялық әдістерін қолдану;
ON5. Статистикалық, математикалық, әдістерді, картографиялық зерттеу әдістерін пайдалана отырып ғылыми жобалар жүргізу;
ON6. Әлеуметтік-демографиялық, экономикалық, физика-географиялық және геоэкологиялық көрсеткіштер деректерін өңдеу негізінде географиялық мәселелерді шешудің жолдары мен тетіктерін ұсыну;
ON7. Экспедициялық зерттеулер негізінде заңнамалық және нормативтік-құқықтық құжаттарды пайдалана отырып, географиялық процестерді ғылыми-практикалық бағалау, талдау, мониторинг, басқару және болжау жүргізу;
ON8. Қазіргі заманғы географиялық ғылымның даму перспективаларын анықтау және проблемаларды шешу үшін іс-шаралар кешенін әзірлеу;
ON9. Ғылыми нәтижелерді мүдделі тараптар мен жұртшылыққа жариялау және таныстыру;
ON10. Жаһандану және интеграция жағдайында әртүрлі деңгейдегі табиғи-шаруашылық және аумақтық әлеуметтік-экономикалық жүйелердің дамуын болжау;
ON11. Ғылыми саланың шекарасын кеңейте отырып, өзіндік ерекше шешімдермен, зерттеулермен үлес қосу;
ON12. Қоғам мен ғылымның дамуына ықпал ету үшін өз қабілеттерін қолданудың тиімді салаларын анықтау

Оқуға түсушілер үшін

https://welcome.kaznu.kz/ru/welcome/doctorate