8D05204 Метеорология
|
Білім беру бағдарламасы |
8D05204 Метеорология |
|
Білім саласы |
8D05 Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика |
|
Дайындық бағыты |
8D052 Қоршаған орта |
|
Білім беру бағдарламаларының тобы |
D086 Метеорология |
|
БББ мақсаты |
Метеорология саласында жоғары білікті ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды сапалы даярлау: - атмосфера физикасының қазіргі заманғы мәселелерін түсіндіру; - метеорологиядағы қазіргі заманғы бағыттардың ғылыми теориялары мен тұжырымдамаларын түсіндіру және оларды өз зерттеулерінде қолдану; - нақты ғылыми нәтижелерді алуға бағытталған таңдалған әдіснамаға сәйкес ғылыми зерттеулерді жүзеге асыру және үйлестіру; - гидрометеорология саласындағы республикалық бағдарламалар мен Халықаралық жобалар бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау, жоғары рейтингті журналдарда ғылыми зерттеулердің нәтижелерін жариялау; - кәсіби міндеттерді шешу үшін заманауи ақпараттық технологияларды қолдану. |
|
Оқыту тілі |
қазақ, орыс |
|
Кредиттердің көлемі |
180 академиялық кредит (180 ECTS) |
|
Берілетін академиялық дәреже |
«8D05204-Метеорология»" білім беру бағдарламасы бойынша PhD философия докторы |
|
Оқытудың нәтижесі |
ON1. антропогендік процестерден туындаған метеорологиялық ғылымның қазіргі мәселелерін сыни бағалау; ON2. гидрометеорологиялық параметрлерді өңдеу, есептеу, болжау және бағалау әдістерін автоматтандыруға байланысты жаңа технологияларды енгізу; ON3. атмосфера жай-күйінің жаһандық және өңірлік өзгерістерін оңтайландырылған басқару және бақылау қағидаттары негізінде атмосфералық процестерді зерттеу; ON4. климаттық және метеорологиялық болжау саласындағы қазіргі заманғы бағдарламалық құралдарды Қазақстан жағдайына бейімдеу; ON5. аймақтық климаттық өзгерістер сценарийлерін әзірлеу және оларға бейімдеу жөнінде алдын ала және жан-жақты шаралар қабылдау; ON6. климатология, климат мониторингі және болжаудың сандық әдістері мәселелерін қамтитын ВМО, ХОК және МСГ бағдарламалары бойынша Өңірлік қауымдастық және жұмыс топтарының жұмысына қатысу; ON7. Қазақстан аумағында климаттың өзгеруіне мониторинг жүргізу; ON8. ДМҰ бағдарламалық қамтамасыз ету негізінде тәуекелдерді басқару және бейімдеу мақсатында салалық Климаттық индекстердің есебін орындау; ON9. Қазақстан аумағында ауа райының қауіпті құбылыстарының пайда болуына атмосфераның айналуының әсерін зерттеу; ON10. ауа райы болжамдарын құрастыруда заманауи әдістер мен технологияларды қолдану; ON11. нәтижелері жоғары рейтингтік журналдарда жарияланатын бірлескен зерттеулерді жүзеге асыру үшін шетелдік әріптестермен ғылыми байланыстар орнату; гидрометеорология саласында ғылыми зерттеулердің заманауи әдістерін пайдалану; ON12. оқу-білім беру, ғылыми-зерттеу міндеттерін шешу барысында пәнаралық білімді синтездеу және трансформациялау; педагогикалық қызметті жүзеге асыру: аудиториялық сабақтарды және оқу практикаларын өз бетінше өткізу, пәннің оқу-методикалық кешенін құрастыру, зерттеу нәтижелерін практикалық оқу қызметіне енгізу, педагогикалық этика ережелері мен педагогикалық такты сақтау, білім алушының жеке тұлғасын сыйлау, ЖОО-ның құрылымдық бөлімдерінің педагогикалық қызметін басқару. |
|
Оқуға түсушілер үшін |
|
|
Академиялық қызмет |
Білім беру бағдарламасының академиялық қызметі жүзеге асырылады: - метеорология ғылым саласындағы жоғары білім аясында қолданылатын нормативтік құжаттар мен әдістемелік ұсынымдар шеңберінде; - университетте оқу-әдістемелік үдерісті реттейтін нормативтік құжаттарды жүзеге асыру нәтижесінде; - әдістемелік жұмысқа қатысты жаңа нормативтік-құқықтық актілерді жалпылау және таратумен; - университеттің оқу-әдістемелік жұмысын ағымдағы және болашаққа жоспарлау; нормативтік-құқықтық актілерге, оқу жұмыс жоспарына және білім беру бағдарламасына сәйкестігіне кафедраның пәннің оқу-әдістемелік кешенімен (ПОӘК) келістіру; - оқу үдерісін оқу-әдістемелік материалдармен қамтамасыз ету мониторингімен, нәтижелерді құжаттамалық ресімдеумен; - оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеу; жұмыс оқу жоспарын дайындау және іске асыру. |
|
Ғылыми қызмет |
Кафедраның ғылыми бағыттары: әртүрлі кеңістіктік-уақыттық масштабтағы гидрометеорологиялық үрдістердің іргелі және қолданбалы зерттеулерін жүргізу, атмосфера мен мұхиттың өзара әрекеттесуі, қазіргі климаттық өзгерістер заңдылықтарын және олардың әлеуметтік-экономикалық дамуға, су ресурстарын қалыптастыруға әсерін зерттеу; ҚР облыстарын рекреациялық бағалау; табиғи ортаның (атмосфера, мұхиттар, құрлықтың ішкі сулары және т.б.) физика-математикалық үлгілерін жасау және дамыту.); гидрометеорологиялық процестердің болжамдылығын зерттеу және қауіпті және гидрометеорологиялық құбылыстардың болжамдарын қоса алғанда, әртүрлі алдын ала гидрометеорологиялық болжамдардың әдістерін дамыту. ББ материалдық-техникалық базасы: - Құрамына кіретін оқу-зертханалық метеорологиялық орталық: ü метеорологиялық өлшеу әдістері зертханасы; ü аэрология және радиометеорология зертханасы; ü "ауа райы" автоматтандырылған ақпараттық-өлшеу жүйесі бар оқу метеорологиялық станциясы; ü ауа райының оқу бюросы; ü атмосфералық мониторинг станциялары, "СКАТ" өлшеу кешені»; ü жедел метеорологиялық ақпаратты қабылдау және мұрағаттау орталығы; ü синоптикалық мұрағат. - Қашықтықтан оқыту орталығы - Дүниежүзілік банктің қолдауымен Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның Гидрология Аймақтық орталығының көмегімен ашылды.– Климаттық өзгерістер зертханасы. - Климат және тұрақтылық бойынша COMSATS орталығы (ОККУ) – - Қоршаған орта мониторингі зертханасы. - Су ресурстары зертханасы. - Географиялық зерттеулерге арналған ГАЖ зертханасы. - Геоақпараттық картографиялау зертханасы. |
|
Халықаралық қызмет |
Докторанттардың академиялық ұтқырлығы университеттер арасындағы келісімдер/келісім шарттар немесе бірлескен жобалар шеңберінде жүзеге асырылады. Ішкі академиялық ұтқырлық үшін докторанттардың, жіберуші және қабылдаушы үш жақты келісімі/келісім шарттары және сыртқы академиялық ұтқырлық үшін шақыру хаттары қажет. Докторанттар жетекші және беделді шетелдік ЖОО-да ғылыми тағылымдамалардан өтеді: Линкольн Университеті (Ұлыбритания), Аберистуит Университеті (Уэльс), Рейдинг Университеті (Англия), Марбург университеті (Германия), Грайфсвальд университеті (Германия), Киль университеті (Германия), Валенсия техникалық университеті (Испания), Париж-1 Пантеон-Сорбонна университеті (Франция), Оулу университеті (Финляндия), Ғылым және технология университеті (Иордания), Ресей мемлекеттік гидрометеорологиялық университеті (Ресей), М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті (Ресей). Білім беру бағдарламасының оқытушылары тәжірибе алмасу, жаңа құзыреттер алу, білім беру дағдыларын жақсарту үшін шетелде тағылымдамалар, білім беру курстарынан өтеді. |
|
Білім сапасын қамтамасыз ету (аккредиттеу, рейтинг, жұмыс берушілермен жұмыс) |
Халықаралық және ұлттық аккредиттеу. Аталған білім бағдарламасы «ACQUIN» агенттігінің халықаралық аккредитациясынан өткен, аккредитация 2023 жылдың 30 қыркүйегіне дейін жарамды. ҚР жоғарғы оқу орындарының оқу бағдарламаларының АРТА және БСҚБТА рейтинг нәтижелері бойынша ОБ бірінші орындарға ие.
Бағдарлама түлектерін болашақта жұмысқа орналастыру үшін негізгі жұмыс берушілер: - «Казгидромет» РМК; - «Қазаэронавигация» РМК; - «География және су қауіпсіздігі институты» ЖШС; - Ғарыштық зерттеулер институты «ҒЗИ академик ө. М. Сұлтанғазин», АҚ «ҰҒЗМТО»; - «Ионосфера институты» ЕЖШС; - «Жасыл-Даму» АҚ; - «КАЗМЕХАНОБР» ЕМК; - «Қазселденқорғау» ММ; - Қазақстан Қолданбалы Экология Агенттігі ЖШС («КАПЭ» ЖШС»); - «Қазэкология» республикалық ғылыми-өндірістік және ақпараттық орталығы»; - «КазЭкоПроект» ЖШС; - Теңіз мұнай-газ кен орны; - Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты кен орны. |






