8D04103 – Мемлекеттік және жергілікті басқару

ББ атауы

8D04103 – Мемлекеттік және жергілікті басқару

Білім беру саласы

8D04 Бизнес, басқару және құқық

Дарлау бағыты

8D041 Бизнес және басқару

Білім беру бағдарламаларының топтары

D071 Мемлекеттік және жергілікті басқару

Мақсаты

Іргелі ғылыми және кәсіби дайындығы бар, мемлекеттік басқарудың қазіргі заманғы теориялары мен инновациялық әдістерін меңгерген, басқару саласындағы қазіргі заманғы ғылыми және практикалық мәселелерді тұжырымдай және шеше алатын, мемлекеттік басқарудың стратегиялық талдауының теориялық және әдіснамалық негіздерін және басқару жүйелерін жобалаудың қазіргі заманғы теориялары мен әдістерін терең зерделей алатын, инновациялық басқару технологияларын пайдалана алатын, мемлекеттік басқару саласындағы ғылыми-зерттеу және эксперименттік-зерттеу,  ғылыми-педагогикалық қызметтерін ұйымдастыра және табысты жүзеге асыра алатын PhD докторларын дайындау.

Оқыту тілі

Казахский, русский, английский

Кредит көлемі

180

Берілетін академиялық дәреже

«8D04103  – Мемлекеттік және жергілікті басқару»

білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD)

Оқытудан күтілетін нәтижелер

1. Әлеуметтік және экономикалық жүйелердің өзекті ғылыми проблемалары мен даму үрдістерін анықтау мақсатында экономика және басқару саласындағы зерттеулер әдіснамасын сыни бағалау және пайдалану;

2.  Заманауи ақпараттық-техникалық құралдарды, бағдарламалық өнімдерді қолдана отырып, мемлекеттік кәсіпорындардың, ұлттық компаниялардың шаруашылық қызметін талдау үшін жеткілікті түсіндіру қабілеті бар экономикалық-математикалық модельдерді әзірлеу;

3. Сарапшыларды ("ми шабуылы", Дельфи, проекциялау әдістері) және мақсатты топтарды (фокус-топтар) сұрау; ғылыми зерттеулер мен эксперименттер; фактілер мен құбылыстарды жинақтау және жіктеу; салыстырмалы талдау және ұқсастықтар әдістерін пайдалана отырып мемлекеттік саясаттың баламалы нұсқаларын, аяның / саланың даму баламаларын жобалау;

4. Нарықтық үрдістерді, макроэкономикалық агенттердің мінез-құлық стратегияларын негіздеу үшін, стратегиялық деңгейде тиімді басқару шешімдерін әзірлеу, оларды сыни бағалау және мемлекеттік және жергілікті басқаруды жетілдіру бойынша ұсыныстарды қалыптастыру үшін ғылыми зерттеулердің нәтижелерін пайдалану;

5. Мемлекеттік басқарудың интегралдық көрсеткішін, процесс көрсеткіштерімен және нәтижелілік көрсеткіштерімен сипатталатын мемлекеттік билік жүйесінің шектеулері мен мүмкіндіктерін бағалау әдістерін, мемлекеттік саясатты сапалы бағалау әдістерін пайдалана отырып, мемлекеттік басқарудың, мемлекеттік билік органдарының қызметінің тиімділігін бағалау;  

6. Тұтастай алғанда, сондай-ақ елдің жекелеген өңірлерінің деңгейінде әлемдік және ұлттық экономиканың жай-күйі мен дамуын сипаттайтын маңызды макроэкономикалық индикаторларға мониторинг жүргізу, әлеуметтік-экономикалық процестерді болжауды жүзеге асыру;

7. Мемлекеттік және жергілікті басқару саласында ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді жүргізу бағдарламаларын әзірлеу, эмпирикалық деректерді жинау мен талдау және жүргізілген зерттеулердің нәтижелерін жүйелеу бойынша қызметті ұйымдастыру мақсатында сандық және сапалық әдістерді қолдана отырып, ақпаратты жинауды ұйымдастыру;

8. Мемлекеттік жоспарлау жүйесін қалыптастыру үшін, мемлекеттің экономикалық стратегиясын әзірлеу үшін стратегиялық талдау әдістерінің көмегімен экономиканың түрлі деңгейлерінде мемлекеттік стратегиялық басқарудың құралдарын практикада қолдану;

9. Өңірдің (аяның/саланың) даму жоспарларын әзірлеу және тұрақты мониторингті жүзеге асыру, мониторинг деректерін даму мақсаттарымен және  критерийлерімен салыстыруды жүргізу, стратегиялық талдау әдістерін, диагностикалау және дамуды кешенді бағалауды есептеу әдістемесін пайдалана отырып, қабылданған шаралардың тиімділігі мен нәтижелілігін бағалау;

10. Стратегиялық талдау құралдарын пайдалану негізінде экономиканы және мемлекеттік басқаруды сандық трансформациялау стратегиясын әзірлеу; мемлекеттік қызметтерді цифрландыру, мемлекеттік органдардың қолданыстағы құрылымына ақпараттық қауіпсіздік жүйесін енгізу бойынша тұжырымдаманы әзірлеу;

11. Кәсіби қызмет саласы бойынша оқу курстарын, оның ішінде әдістемелік материалдарды, оқу құралдары мен оқулықтарды дайындауды қоса алғанда, жүргізілген теориялық және эмпирикалық зерттеулердің нәтижелері негізінде әзірлеу; экономикалық пәндер бойынша сабақтар және кәсіптік қызмет саласы бойынша оқу-әдістемелік жұмыстарды жүргізу; білім беру ұйымында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, оның ішінде студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысына басшылық жасау;

12. Кәсіби өсу кезеңдері мен еңбек нарығында маманға қойылатын талаптарды негізге ала отырып, өз дамуының мәселелерін анықтау және тұжырымдау, кәсіби және жеке даму мақсаттарын қалыптастыру, кең ғылыми қоғамдастықпен және жұмыс берушілермен басқару проблемалары, түрлері, әдістері, басқарушылық кеңес беру технологиялары, осы әдістерді қолдану салалары және олардың шектеулері туралы диалог жүргізу.

Для абитуриентов

Welcome.kaznu.kz (ссылка на соответствующую программу в welcome.kaznu.kz

Академиялық қызмет

ББ академиялық қызметін жүзеге асырады:

- Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы аясында;

- университеттің миссиясы мен даму стратегиясына сәйкес;

- жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары негізінде;

- жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары негізінде;

- оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру Ережелері негізінде;

- жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары негізінде;

-білім беру бағдарламасының әрбір пәні бойынша оқу-әдістемелік кешендер негізінде.

Білім беру бағдарламасын жүзеге асыру үшін «Менеджмент» кафедрасының штаты ғылыми-зерттеу және педагогикалық қызметте үлкен тәжірибесі бар тәжірибелі профессорлар мен доценттерден құрылған. Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы 7 экономика ғылымдарының докторынан, 14 экономика ғылымдарының кандидатынан және 2 PhD докторынан тұрады, сондай-ақ тиісті бейіні бойынша шетелдік ғалымдар тартылады.

Ғылыми қызмет

Білім беру бағдарламасын жүзеге асыру үшін факультетте ғылыми орталықтар бар:

- Экономикалық зерттеулер орталығы;

-Менеджмент және бизнес-білім беру орталығы;

- Есеп, аудит және талдаудағы инновациялық құзыреттер орталығы; 

- «Ислам қаржысы және қаржы талдаушылары» орталығы;

- Биржалық технологиялар орталығы;

- Кәсіпкерлік және инновациялар орталығы.

Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамының ғылыми зерттеулерінің нәтижелері алыс және жақын шетелдердегі көптеген басылымдарда, соның ішінде Thomson Reuters және Scopus халықаралық деректер базасында индекстелген импакт-факторы нөлден жоғары басылымдарда көрініс тапқан.

Халықаралық қызмет

«8D04103– Мемлекеттік және жергілікті басқару» ББ докторанттарының серіктес жоғары оқу орындарында, соның ішінде Сидней университетінде (Австралия), Прага экономикалық университетінде (Чехия), Эксетер университетінде (Ұлыбритания), Лейпциг университетінде (Германия), менеджмент институтында (Канада), Анкара университетінде Йылдырым Баязид (Түркия, Анкара қ.), Алтай мемлекеттік университетінде (Ресей, Барнаул қ.) оқу мен ғылыми тағылымдамадан өту мүмкіндігі бар.

Сапаны қамтамасыз ету (аккредиттеу, рейтинг, жұмыс берушілермен жұмыс)

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да білім беру сапасына кепілдік беру жүйесі Еуропалық стандарттарға және жоғары білім берудегі сапа кепілдігі еуропалық қауымдастығының (ENQA) директиваларына негізделген.

Университеттегі білім беру қызметтерінің сапасын бақылау мен бағалауды аккредиттеу және білім беру бағдарламаларының сапасы орталығы жүзеге асырады.

«8D04103– Мемлекеттік және жергілікті басқару» білім беру бағдарламасы KAZSEE Қазақстандық инженерлік білім беру Қауымдастығы Ұлттық мамандандырылған аккредиттеуден өтті.