ББ атауы

8D04109 – Исламдық қаржы

Білім беру саласы

8D04 - Бизнес, басқаружәне құқық

Оқытубағыты

8D041- Бизнес және басқару

Білім беру бағдарламаларының тобы

D074- Қаржы, банк және сақтандыру ісі

Мақсаты

ББ мақсаты халықаралық еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, ислам қаржысы саласындағы қаржылық қызметті басқарудың өзекті құзыреттерін, заманауи технологиялары мен құралдарын меңгерген жоғары білікті мамандарды даярлау болып табылады:

- ислам қаржысы саласында терең жүйелі білімге ие, шет тілдерін, заманауи ақпараттық және инновациялық технологияларды кәсіби меңгерген;

- ғылыми пәннің қазіргі жай-күйін, ғылыми зерттеулер саласын және кәсіптік практика саласын көрсететін проблемаларды, тәсілдер мен үрдістерді сыни бағалай алатын маман;

- қазіргі заманғы ғылыми және практикалық мәселелерді тұжырымдай және шеше алатын, ғылыми-педагогикалық, ғылыми-зерттеу және эксперименттік-зерттеу қызметін ұйымдастыра және табысты жүзеге асыра алатын;

- ислам қаржысының өзекті бағыттары бойынша жаңа білім немесе практикалық қосымшалар жасау үшін жобаларды тұжырымдамалау, әзірлеу және жүзеге асыруға құзыретті.

Оқыту тілі

орыс, ағылшын

Кредит саны

180 академиялық кредит

Тағайындалатын ғылыми дәрежесі

«Исламдық қаржы» білім беру бағдарламасы бойынша

(PhD) философия докторы

Оқу нәтижелері

Осы білім беру бағдарламасы аяқталғаннан кейін докторанттар:

ON1 зерттеу жүргізудің әдіснамалық негіздерін пайдалану үшін қажетті логикалық ғылыми ойлауды көрсету; ислам қаржысының қазіргі жай-күйін, оның нақты бағыттарын көрсететін ғылыми-техникалық құжаттаманы, ғылыми есептерді, шолуларды, баяндамалар мен мақалаларды құрастыру және ресімдеу дағдыларын қолдана отырып, зерттеу саласында кәсіби пайымдаулар шығару үшін ақпарат көздерін жинауды және түсіндіруді жүзеге асыру.

ON2 ислам қаржысы саласында іргелі, жүйелі білімді, ЖОО мен колледждерде Мамандық пәндерін оқытудың кәсіби әдістемелерін меңгеру; әлемде, Еуропада ислам қаржысын дамыту шеңберінде оқытылатын және талқыланатын мәселелерге сыни баға беруге мүмкіндік беретін білімді жүйелеу, өңдеу және талдау.

ON3 Мудараба, Мушарака, Иджара, Истисна, Сукук инвестициялық исламдық қаржы құралдарына инвестициялаудың үрдістері мен заңдылықтарын зерттеу, ағымдағы жағдайды талдау және болашақ инвестициялық ағындар мен трендтерді болжау;исламдық қаржы институттары қазіргі уақытта пайдаланатын исламдық банктік модель мен қаржылық режимдерді бағалау және іске асыру.

ON4 ғылыми нәтижелерді негізді түрде ұсыну және ұлттық және халықаралық рецензияланған басылымдарда ғылыми пікірталастар мен жарияланымдарда талқылау үшін қаржы жүйелерін, корпоративтік басқаруды, ислам қаржысын және мемлекеттік саясатты бағалау тақырыптары бойынша жаһандық қаржылық тәжірибені жүйелеу.

ON5 такафул индустриясының әлемдік экономикадағы эволюциясына мониторинг жүргізу және ынтымақтастықтың әртүрлі модельдерін талқылау және олардың тиімділігіне сыни талдау жасау арқылы тәуекелдерді бөлудің маңыздылығы туралы, оның ішінде исламдық сақтандыру моделін сыни бағалау және қаржыландырудың балама тетіктерінің рөлі туралы өз модельдерін жасау.

ON6 исламдық қаржы құралдарының шығарылу, кірістілік ерекшеліктерінің тұжырымдамаларын зерделеу негізінде исламдық қаржы мамандары мен маман еместерге корпоративтік сектордағы, сондай-ақ исламдық банк ісі мен қаржы саласындағы нарықты неғұрлым терең түсінуді ұсына отырып, осы құралдарды нақты сценарийлерде қолдану бойынша практикалық ұсынымдар әзірлеу.

ON7 ислам инвестициялық қорларының қызметі бойынша іргелі тұжырымдамаларды сыни тұрғыдан талдау және салыстыру, мұсылмандар үшін де, мұсылман емес адамдар үшін де исламдық инвестициялауды ұйымдастыруда талдау әдістері мен құралдарын қолдану.

ON8 исламдық қаржы менеджменті саласына жататын зерттелетін процестердің, құбылыстардың және объектілердің қолданбалы модельдерін әзірлеу; исламдық қаржы индустриясы үшін өнімдер әзірлеу; Қазақстандағы ислам қаржысын дамытудың болашақ перспективалары мен мүмкіндіктерін қарау.

ON9 білім беру бағдарламаларын, оқу курстарын, модульдерді, оқу-әдістемелік құжаттаманы әзірлеу кезінде ғылыми зерттеу нәтижелерін білім беру процесіне интеграциялау; құзыреттілік тәсіл негізінде авторлық курсты әзірлеу және оқу процесіне енгізу.

ON10 қаржы жүйелерін, корпоративтік басқаруды, ислам қаржысын және мемлекеттік саясатты бағалау үшін ислам қаржысын халықаралық дамыту саласындағы халықаралық тәжірибені жариялай отырып, исламдық қаржы индустриясы аясында Корпоративтік қаржы туралы өзіндік білімді ұсыну, корпоративтік стратегияны әзірлеу, компанияның исламдық қаржыларын жоспарлау, үйлестіру және басқару.

ON11 қазақстандық нарықта сукук шығару нысанында қаржылық инновацияларды құру; сукук шығарылымының орындылығын және оның тиімділігін бағалау, бизнес-процестерді, бизнес-модельдерді оңтайландыру, сукук нарығында компанияны дамытудың тиімді шешімдерін таңдау үшін коммерциялық жобаның тәуелсіз қаржылық сараптамасын, лицензиялық, сертификаттау талаптарын және нормативтік-әдістемелік құжаттарды орындау.

ON12 ұйымдастырушылық қабілеттері мен бастамашылдығын көрсету; бизнес-байланыстарды қалыптастыру, компанияның ішкі және сыртқы ортасымен тиімді коммуникацияларды жүзеге асыру; әртүрлі әлеуметтік жағдайларда барабар бағдарлану; ғылыми коммуникация мен халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру үшін шет тілін жетік меңгеру; исламдық қаржыландыру саласындағы күрделі проблемалар бойынша білікті қорытындылар жүргізуге құзыретті, мамандар үшін де, маман емес адамдар үшін де өз идеялары мен қорытындыларын нақты баяндай білу.

Талапкерлер үшін

Welcome.kaznu.kz (тиісті бағдарламаға сілтеме welcome.kaznu.kz)

http://www.kaznu.kz/

Академиялық қызмет

Жетекші ЖОО-мен академиялық ұтқырлық-ТОП 200, солардың бірі:

Erasmus– EPP-1-2016-KZ-EPPKA2-CBHE-SP. Enhancement of Higher education and corporate sectors integration in accordance with new social environment ENINEDU

QS рейтингі бойынша ТОП-200 ЖОО-ның ұқсас бағдарламаларымен салыстыру.

Hamad Bin Khalifa University

Ғылыми қызметі

Білім беру бағдарламасын жүзеге асыру үшін факультетте орталықтар бар:

1. Исламдық қаржы орталығы;

2. Биржалық технологиялар орталығы;

3. Экономикалық зерттеулер орталығы.

Бұл ББ докторанттарды еңбек нарығының жаңа талаптарына, жаһандық және жергілікті талаптарға сәйкес даярлауға мүмкіндік береді:

- жүйелі түрде алынған және исламдық қаржы институттарының даму серпініне талдау жүргізуге мүмкіндік беретін ғылыми білімнің елеулі көлемінің болуын көрсету, сондай-ақ қазіргі заманғы жағдайларда олардың даму перспективаларын бағалау;

- заманауи тәжірибеде исламдық қаржы құралдарын пайдаланудың трендтері мен заңдылықтарын анықтау;

- әлемде, Еуропада ислам қаржысын дамыту шеңберінде зерделенетін және талқыланатын мәселелерге сыни баға беруге мүмкіндік беретін ғаламдық компьютерлік желілердегі, түрлі көздерден алынған ақпаратты талдау;

- исламдық қаржы мамандары мен маман еместерге корпоративтік сектордағы, сондай-ақ исламдық банк ісі мен қаржы саласындағы нарықты тереңірек түсінуге мүмкіндік бере отырып, осы құралдарды шынайы сценарийлерде қолдану бойынша практикалық ұсынымдар әзірлеу;

-ThomsonReuters компаниясының немесе Scopus дерекқорына кіретін ғылыми журналдар базасының деректері бойынша нөлдік емес импакт-факторы бар шетелдік ғылыми басылымдарда жүргізілген зерттеулер нәтижелері бойынша жарияланымдарды орналастыру, сондай-ақ халықаралық ғылыми/әдістемелік конференцияларға қатысу.

Халықаралық қызмет

Докторанттардың ғылыми халықаралық тағылымдамалары мен академиялық ұтқырлығы.  

1. Хамад Бен Халифа Университеті, Катар

HongKongPhooeyУниверситеті, Гонконг

2.Богемия орталықуниверситеті, Чех Республикасы, Прага

3.Ресей экономикалықуниверситеті. Плеханова, РесейФедерациясы, Мәскеу

4.Падуя Университеті, Италия, Падуя қаласы

5.Колумбия университеті, АҚШ, Нью-Йорк қаласы

6.Рудный университеті, Ресей

7.Луис Университеті, Италия. "RomeMUN" халықаралықконференциясы

8.Chung-ang University, Korea

9.Испания, Гранада Қаласы, Гранада Университеті

Сапаны қамтамасыз ету (аккредиттеу, рейтинг, жұмыс берушілермен жұмыс)

8D041-Ислам қаржысы мамандығының білім беру бағдарламасы KAZSEE 18.06.2021 ж. мамандандырылған аккредиттеуден өтті.

НААР және НКАОКО рейтингісінің қорытындысы бойынша білім беру бағдарламасы 3-орын РА-2-орын алады.

Практика базалары: А ХФО, ислам банктері, сондай-ақ лизингтік компаниялар және исламдық қаржыландыруды жүзеге асыратын басқа да қаржы ұйымдары.

Оқытуда қазіргі заманғы ең жақсы білім беру әдістері қолданылады, олардың ішінде кейстер, іскерлік ойындар, тренингтер, сонымен қатар жеке және командалық жұмыс. Сабақтардың осы түрлерін іске асыруға жұмыс берушілердің өкілдері белсенді қатысады.