8D01801 Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану

Білім беру

бағдарламасының атауы

8D01801 Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану

Білім саласы

8D01 Педагогикалық ғылымдар

Дайындық бағыты

8D018 Әлеуметік педагогика және өзін-өзі тану мамандарын даярлау

Білім беру

бағдарламаларының тобы

D020 Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану бойынша кадрларын даярлау

БББ мақсаты

әлеуметтік-педагогикалық құбылыстар мен процестерді талдауға қабілетті, әлеуметтік педагогиканың дамуындағы үрдістер ғылыми және академиялық тәртіп ретінде, өзін-өзі тану студенттердің рухани-адамгершілік қасиеттерінің негізі ретінде іргелі және қолданбалы зерттеулер жобаларын әзірлеу әдістемесі мен кәсіби және жеке өзін-өзі дамыту технологиясын меңгерген әлеуметтік педагогикалық жұмыс пен   өзін өзі тануға оқытудағы әдістер,   теориялар мен тәжірибесі аумағында фундаментальды білім меңгерген жоғарғы білікті ғылыми педагогикалық мамандарды даярлау.

Бағдарлама   төмендегі көрсеткіштерге қабілетті маманның кәсіби тұлғасын қалыптастыруға бағытталған:

-Диссертациялық зерттеуді жүзеге асыру барысында осы білімді одан әрі қолдану үшін әлеуметтік педагогика мен өзін-өзі танудың ғылыми теориясы мен тұжырымдамаларын жүйелеп, түсіндіруге;

- әртүрлі типтегі білім беру ұйымдарында әлеуметтік және білім беру ісіндегі ғылыми-педагогикалық әлеуетін көрсету;

- зерттеу объектісіне ұқсас материал негізінде дербес ғылыми зерттеулер жүргізу, педагогикалық ғылымның перспективалық жаңа бағыттарын дамыту бойынша жобалау әдіснамасын таңдау;

- Жоғарғы оқу орындарында «өзін өзі тану» мен «әлеуметтік педагогика» курстарын оқытуға білім беру сапасын жоғарылатуға ықпал ететін білім беру саласындағы сараптау, бағалау және басқарудың кәсіби дағдыларын көрсете білу;

Оқыту тілі

орыс, қазақ

Кредиттердің көлемі

180

Берілетін академиялық дәреже

Доктор

Оқыту нәтижелері

  1. әлеуметтік маңызы бар мәселелер мен процестерді ғылыми талдау, маңызды тұжырымдар мен қорытындылар жасау, докторлық диссертацияны аяқтау үшін ғылыми зерттеу әдістерін таңдауға;
  2. әлеуметтік педагогика мен өзін өзі танудың теориялық тұжырымдамаларын әзірлеу және   әлеуметтік педагогикалық сараптаманы жүргізу және ұйымдастыру үшін   практикалық бағыттылықтың теориялық сұрақтарын немесе қолданбалы міндеттерін анықтайды;
  3. әртүрлі әлеуметтік-педагогикалық тұжырымдамаларды салыстыру, олардың тиімділігін глобализация үрдістерінен және ұлттық білім беру моделінің бәсекеге қабілеттілігінен бағалауға;
  4. жаңа білім беру жобаларын тұжырымдау, дамыту және іске асыру немесе әлеуметтік-педагогикалық ғылымның қолданыстағы салаларында практикалық қолдану және жобаларды жоспарланбаған проблемалы жағдайларды ескере отырып бейімдеу мүмкіндігіне;
  5. әлеуметтік-педагогикалық үрдістер мен құбылыстарды сандық және сапалық бағалау, математикалық және статикалық зерттеу әдістерін көрсетуге;
  6. әлеуметтік-педагогикалық білімнің мақсаттарын, міндеттері мен технологияларын анықтауға құзыреттілік тәсілін қолдануға, әлеуметтік педагогика мен өзін өзі тану, педагогиканы оқыту үрдісінде белсенді, интерактивті және инновациялық оқыту технологияларын қолданады;
  7. психологиялық, әлеуметтік және педагогикалық диагностика жүргізу және рационалды түрде оңтайлы пішіндерді, әдістерді, әдістемелерді, оқыту және білім беру құралдарын таңдау, проблемалы әлеуметтік-педагогикалық тапсырмаларды шығармашылық түрде шешуге;
  8. ұйымның мақсаттары мен міндеттерін айқындау; бәсекеге қабілетті орталарда білім беру ұйымының күшті және әлсіз жақтарын талдайды, осының негізінде даму стратегиясын әзірлеу және оны жүзеге асыруды ұйымдастыруға;
  9. білім беру жүйесінің тиімділігін қамтамасыз ету үшін технологиялар мен жүйелерді салыстыру, сапаны арттыру бағдарламаларының параметрлерін болжау және белгілі бір университеттің, колледждің немесе мектептің білім беру ортасындағы өзгерістерді енгізуге;
  10. әлеуметтік педагогика мен өзін-өзі танудың көкейкесті мәселелеріне білікті сараптамалық қорытынды жасау, мамандарға да, маман емес тұлғаларға   өз ойларын және қорытындыларын білдіруге тырысу;
  11. Болашақ мұғалімнің рухани-адамгершілік позициясын жас ұрпақтың рухани-адамгершілік тәрбиесінде маңызды фактор ретінде қалыптастыру;
  12. ғылыми қауымдастықпен байланысу үшін өздерінің жаңа ғылыми идеяларын қалыптастыру, үздіксіз жүйелі білім беруді жүзеге асыру, білім беру бағдарламаларын іске асыруды ұйымдастыру, білім беру ортасында толеранттық қарым-қатынас механизмдерін қолдану.

Оқуға түсушілерге

https://welcome.kaznu.kz/kz/education_programs/doctorate/speciality/1391