БББ мақсаты
|
Психология, әлеуметтану, құқық, медицина, педагогиканың жаңа бағыттарының пәнаралық теориялары мен концепцияларын диссертациялық жұмыс жазуда және әлеуметтік және клиникалық тәжірибеде ары қарай қолдану мақсатында шеберлікпен жүйелендіруші және түсіндіруші; әлеуметтік шындықты модельдеу және әлеуметтік жұмыстың жаңа бағыттарын жобалаумен байланысты дербес ғылыми зерттеулерді жүзеге асырушы; нақты әлеуметтік ситуацияға баға беріп, ғалымдардың және олардың кәсіби топтарының ғылыми қызметтерінің нәтижелерінің маңыздылығын анықтаушы, ғылыми дискуссияларда өзінің ғылыми көзқарасын белсенді көрсетіп, оны кәсіби қауымдастықтың ғылыми тілі аясында дәлелді түрде қорғай білуші; әлеуметтік жұмыс саласында дербес ғылыми-зерттеу және кәсіби қызметке сәйкес келетін жоғары деңгейде бәсекеге қабілетті мамандарды дайындау
|
Оқыту нәтижелері
|
- Оқытуда әлеуметтік жұмыстың ғылыми мектептерінің жаңа бағыттарының теориялық-әдіснамалық тұжырымдарын (өзекті пәнаралық бағыттар, жаңа тәсілдер, тенденциялар мен трендтер) секторалдық өзараәрекеттестік және әлеуметтік басқару сферасында әлеуметтік серіктестік принциптерін қолдану;
- Әлеуметтік қорғаудың қазіргі модельдерін, дағдарыстық интервенцияны, оңалтуды генерациялау, дербес өзіндік тәсіл негізінде әлеуметтік мәселелерді шешудің ситуациялық әдістерін, икемді технологияларын ұсыну;
- Мастер класстар, тренингтер өткізу, әлеуметтік мәселелерді дербес зерттеуді әлеуметтік саясаттың перспективалы жаңа бағыттарына проекциялау, қоғамның әлеуметтік әлжуаз топтарын оңалтуда әлеуметтік және психологиялық терапияның тәсілдері мен әдістерін қолдану.
- Зерттеу процесін аз қорғалған топтардың өзекті мәселелері бойынша құру; теориялық және эмпирикалық сипаттағы ғылыми нәтижелерді талқылау мақсатында ғылыми дискуссияларға, Thomson-Reuters немес Scopus рейтингтік журналдарының халықаралық базаларының жарияланымдарына, сонымен қатар ұлттық және халықаралық деңгейдегі рецензиялық басылымдарға дәлелді және негізделген түрде ұсыну;
- Жоғары білім беру ұйымдарында практик әлеуметтік жұмыскерлердің қатысуымен көмекке мұқтаждарға әлеуметтік қолдау көрсету, қорғау, коррекция жасау және оңалтумен байланысты сұрақтарды кәсіби талқылау мақсатында ғылыми семинарларды жоспарлау және өткізу және адамдардың өмір сүру сапасын көтеруге әсер етуші әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру;
- Биопсихоәлеуметтік тәсіл аясында әлеуметтік-демографиялық топтардың денсаулықтарының алдын-алуға қатысты ғылыми зерттеулердің нәтижелерін ғылыми есептер, әлеуметтік жобалар және әлеуметтік эксперименттер түрінде презентация жасау;
- Әлеуметтік зерттеулерде және клиникалық практикада профилактикалық мақсатта қолданылып отырған пәнаралық методикалардың ғылыми потенциалын бағалау, халықтың маргиналдануын, аутсайдерлердің әлеуметтік оқшаулануын болдырмау;
- Қоғамда қаталдық пен зорлық-зомбылықты болдырмауға бағытталған адамгершіліктік мінез-құлықтың негізгі өлшемдерін қалыптастыру және оны әлеуметтік зерттеулердің мақсаттарымен және халықтың аман-саулығын әлеуметтік қамтамасыз етумен байланыстыру;
- Асыра сілтеу мен менталдық аурулардың табиғатын анықтау үшін әлеуметтік зерттеулер негізінде ғылыми эксперименттер жүргізіп, олардың нәтижелерін дұрыс түсіндіріп және талдауды жүзеге асыру;
- Аз қамтамасыз етілген топтардың нақты әлеуметтік мәселелерін жергіліктілік және жаһандық аясында толық сипаттау және талдау мақсатында пәнаралық білімдерді зерттеу процесіне интеграциялау;
- ҮЕҰ әлеуметтік өзара әрекеттестікке және бірлестікке, азаматтық белсенділік субъектісі сапасында қалыптасуға, Қазақстанның әлеуметтік саясатының моделін бағалауға дайын болу;
- Әлеуметтік ынтымақтастық концепциясын жасау, азаматтардың тұлғалық және институционалдық сенімдеріне негізделген әлеуметтік коммуникацияны жүзеге асыру.
|