6B02202 Исламтану

Білім беру бағдарламасының атауы

6B02202 Исламтану

Білім саласы

6B02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар

Дайындық бағыты

6B022 Гуманитарлық ғылымдар

Білім беру бағдарламаларының тобы

B033 Дінтану және теология

БББ мақсаты

Әдістемелік нұсқауларға сәйкес теориялық деңгейде қабілетті, діни зерттеулер мен исламдық зерттеулерді талдауда ғылыми ақпаратты пайдалана алатын исламтану саласында мамандарды даярлау. Бағдарлама ислам дінінің болмысы, мұсылмандардың дүниетанымы туралы ғылыми көзқарасқа ие, ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысуға қабілетті қазіргі заманғы қоғамның түрлі салаларында ислам ұстанымдары, идеяларын, рәміздерін, институттары мен жеке тәжірибелерінің рөлін айшықтап бере алатын, сараптама жасайтын исламның мән-мағынасын, әсіресе оның сенімі мен құлшылығын білетін маман қалыптастыруға бағытталған. Сыни ойлау қабілетіне ие, пікір алмасуға мұқият араласып, өзекті мәселелер бойынша көзқарасын ақылмен ұштастыра жұмыс істеуге қабілетті, топпен жұмыс жасауға дайын маман әзірлеу.

Оқыту тілі

орыс, қазақ

Кредиттердің көлемі

240

Берілетін академиялық дәреже

Бакалавр

Оқыту нәтижелері

  1. Исламтану мамандығының негізгі салаларына қатысты басты ұғымдарды ғылыми негізде жіктеу;
  2. Құран Кәрім кітабын тәжуид ережелеріне сай оқу және аяттарға тәпсір жасаудың басты критерияларын сипаттау, Құрантану бойынша ғылыми және діни білімдерін еркін интерпретациялау;
  3. Мұхаммед пайғамбардың хадистерін бізге жету тізбегіне қарай шынайылық дәрежелерін анықтай алу, оларды діни мәселелерде дереккөз ретінде қолдану, оларға ғылыми түсіндірге (шарх) жасау;
  4. Ислам теологиясындағы классикалық ақида мәтіндерін игеру арқылы діндегі басты құндылықтарды талдау, оларды сипаттау;
  5. Тарихта болған және жаңадан пайда болған діни ағымдардың ұстанымдарына талдау жасау, қоғамдық-құқықтық нормалар мен түрлі діни және конфессионалды дәстүрлерге толеранттылыққа негізделген әлеуметтік-этикалық құндылықтарды анықтау;
  6. Қоғамда пайда болатын жат пиғылдағы саяси және діни ағымдардың идеологиясына ҚР заңнамалары аясында сәйкесінше шұғыл тойтарыс беру үшін тиісті жауаптар әзірлеу, тарату және насихаттау;
  7. Ислам шариғатының басты тақырыптарын фиқһи мазһабтар әдістерін қолдану арқылы заманауи діни мәселелерді түсіндіруде пайдалану;
  8. Теорияда алған білімін қасиетті мәтіндерді талдауда, оларды зерттеуде, діни өркениетті түсіндіруде қолдану;
  9. ҚР діни заңнамаларын кәсіби біліктілігін тиімді іске асыруда пайдалану;
  10. Ислам әдебі, ахлақ және тасаууф ілімдерінің нәтижелерін әулеметтік мәселелерді шешуде, жат ағымдармен күресуде тиімді іске асыру;
  11. Тәжірибеде теориялық діни білімдерін және діни зерттеу әдістерін пайдалану;
  12. Теориялық курстың нәтижелерін исламтанушыларды дайындау профиліне сәйкес практика базаларымен келісімшарт негізінде кәсіби (өндірістік) практикада бекіту

Оқуға түсушілерге

https://welcome.kaznu.kz/kz/education_programs/bachelor/speciality/1593