6B03106 Саясаттану

Білім беру бағдарламасының атауы

6B03106 Саясаттану

Білім саласы

6B03 Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат

Дайындық бағыты

6B031 Әлеуметтік ғылымдар

Білім беру бағдарламаларының тобы

B040 Саясаттану

БББ мақсаты

Білім беру және ғылыми бағдарламаларды жүзеге асыр бойынша жобалаудағы саяси процесті талдаудың әдіснамалық нұсқауларына сәйкес нақты, теориялық, ғылыми ақпаратты пайдалана алатын жоғары білікті және бәсекеге қабілетті маман-саясаттанушыны кешенді және сапалы дайындауды қамтамасыз ету; әртүрлі әдістер мен ақпарат көздерін қолдану арқылы саяси ғылымды зерттеуді ұйымдастыра және жүргізе білу; оқу барысында алынған пәнаралық білімге ие болу; жоғары сапалы сараптамалық жазбалар мен басқа да құжаттарды дайындауға қабілетті әртүрлі стратегиялар мен науқандардың саяси тәуекелдерін бағалау, сондай-ақ саяси даму мәселелері бойынша өз ұстанымын білдіру және негіздеу, мемлекеттік мекемелер мен еңбек ұжымдарында тиімді басқару әдістерін қолдану, ағымдағы мәселелердің көптігі мен вариативтілігі жағдайында оңтайлы шешу жолдарын табу, қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану; билік органдарында халықтың мүдделерін қорғау, басқа өңірлердің саяси элитасымен және шетелдік серіктестермен байланыс орнату; көпфункционалды саяси қызметтің таңдалған саласында басшылық пен басқарудың нақты деңгейінің міндеттерін шешу.

Бағдарлама сыни тұрғыдан ойлау қабілеті бар маманның тұлғасын қалыптастыруға бағытталған; түрлі көздерден алынған деректермен жұмыс істей білу, оларды талдау және бағалау; өзінің ойын заманауи мәселелерге қатысты дәлелді жеткізу; командада жұмыс жасау.

Оқыту тілі

орыс, қазақ, ағылшын

Кредиттердің көлемі

240

Берілетін академиялық дәреже

Бакалавр

Оқыту нәтижелері

  1. заманауи саяси ғылымның негізгі ұғымдарын, идеяларын, теорияларын және әдістерін, сондай-ақ эволюциясының негізгі бағыттары мен жаһандық интеллеутуалды кеңістіктегі және Қазақстанда саяси ғылымның дамуын реттейтін заңдылықтарды түсіндіру;
  2. саясттанудың ғылыми мәселелерін, зерттеудің белгілі бір объектісі бойынша ғылыми-әдістемелік құралдарды талдау; талқылауға арналған нәтижелерді ұсыну.
  3. саяси өмірдің маңызды аспектілері туралы білімді алу үшін олардың теориялық және практикалық құндылығын анықтау үшін бастапқы дерек көздермен және ғылыми әдебиеттермен өз бетінше жұмыс істеу;
  4. адами ресурстарды басқару арқылы билік теориясы мен мемлекет-әкімшілік басқарудың негізгі қағидаларын және оларды жүзеге асыру ерекшеліктерін түсіндіру, саясат саласындағы саяси және басқарушылық технологияларға талдау жасау;
  5. нақты саяси нәтижелерге жетуге бағытталған саяси-коммуникациялық науқандарды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізу тетіктерін айқындау: үгіт-насихат қызметі, саяси жарнама, қоғамдық байланыстарды дамыту, саяси маркетинг; БАҚ-пен өзара іс-қимыл жасау тәсілдерін жүргізетін жұртшылықпен байланысты басқарудың ұйымдастырушылық нысандарын қолдану; кәсіби міндеттерді шешуде саяси білімдер мен қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану, еңбек ұжымында қарым-қатынас және қарым-қатынас дағдыларын меңгеру.
  6. саяси диагностика мен сараптамалық қызметке қатысу; ғылыми-талдамалық есептерде саяси процестердің болжамдарын көрсету, түсіндірме жазбаларды дайындау;
  7. мемлекеттік бағдарламаларды іске асырудың экономикалық, әлеуметтік, саяси жағдайларын анықтау, ұйымдастырушылық-басқарушылық шешімдердің салдарын анықтау; саяси зерттеулер жүргізу және саяси шешімдер қабылдау үшін саяси-құқықтық құжаттарды, заңнамалық органдардың нормативтік актілерін және эмпирикалық деректер базасын талдау.
  8. қолданбалы саяси зерттеулердің бағдарламасы мен әдіснамасын әзірлеу, саяси үдерістер мен құбылыстардың себеп-салдаоын анықтау, әлемдік саясатта белгілі бір актордың саяси стратегиясын әзірлеуге және іске асыруға байланысты халықаралық-саяси салдары мен тәуекелдерді салыстыру;
  9. саяси партиялардың, қоғамдық ұйымдардың қызметін талдау, мемлекеттік басқару үдерістерін бағалау;
  10. ақпарат көздерін іріктеуді жүзеге асыру; алынған ақпаратты верификациялау және оны өңдеу; кәсіби қызметті ұйымдастыру және жүзеге асыру бойынша стандартты міндеттерді шешу, қазіргі заманғы редакциялау және баспа құралдарын тарта отырып, қолда бар талаптарға сәйкес ресімделген есептер, аналитикалық анықтамалар, мақалалар түрінде жасалған жұмыстың қорытындысын ұсыну.
  11. қоғамдық-саяси саладағы стратегиялық құжаттарды бағалау және оларды шешуге ұсыныстар жасау;
  12. оқу бағдарламасын соңында саяси мәселелер мен саяси фактілерді кәсіби тілде ауызша және жазбаша негіздей білу, позитивті дағдыларды игеру, өзін-өзі оқу мүмкіндігін игере білу.

Оқуға түсушілерге

https://welcome.kaznu.kz/kz/education_programs/bachelor/speciality/1363