Гранттық ғылыми жобасы аясында Стамбұл, Бурса кітапханалары қорларында ғылыми-іздестіру, археографиялық зерттеу жұмыстарын жүргізу, жазба деректер көшірмесін алу мақсатында жоба мүшелерінің 11.05 – 18.05.2022 ж. аралығындағы Түркия Республикасындағы іссапары

19.05.2022

Көрулер: 99

Міндеттері:

- Аталған қала кітапханалары мен мұражайларының, мұрағаттарының қорын зерттеу, жоба тқырыбына қатысты жазба деректерді іздестіру;

- жоба тақырыбына қатысты жаңа дерек көздерін анықтау;

- жазба жәдігерліктердің мәтінімен танысу, көшірмесін алу.

 

Іс сапар барысында атқарылған іс-шаралар туралы қысқаша мәлімет:

Сәрсенбі, 11-мамыр: Алматы қаласынан сағ.: 18:05 Алматы–Стамбұл (КС0953) бағытындағы ұшағына отырып, сағ. 21:15 Ыстамбұл қаласына келіп қондық.

 

Бейсенбі, 12-мамыр: Сүлеймания кітапханасы басшылығымен жолығып, жұмыс сағаттарымен келісіп, кітапхана қорымен, жұмысымен таныстық.

 

Жұма, 13-мамыр: Сүлеймания кітапханасында ғылыми-іздестіру, археографиялық жұмыстарын жүргіздік, 7 дерек мәтінімен жұмыс жасалды. 2 медициналық трактаттың көшірмесі алынды.

 

Сенбі, 14-мамыр: Топкапы сарайы, Ахмет Хамди Танпынар музейіне, Миллет ұлттық, Бурса Ибиней, Хаджи Селим Аға жазба мұралар кітапханаларында жұмыс жасау үшін Түркия жазба мұралар басқармасы (Türkiye Yazma Eserler Kurumu Başkanlığı) сайты арқылы анкета, форымдарын толтырып, эл.почталарына хат жібердім, кітапханалардың ішкі тәртібіне сай жұмыс кестесін бекіттік, Маниса, Кония, Балыкесир кітапханаларының сандық каталогтарымен жұмыс жасадық.  

 

Жексенбі, 15-мамыр: демалыс, кітапханалар жұмыс жасамайды.

 

Дүйсенбі, 16-мамыр: Баязит мемлекеттік кітапханасы қорындағы қолжазбалармен жұмыс жасалды. Баязит кітапханасында 2 анонимді «Китаб-и Тибб», Рисале фи ат-Тибб» медицина тақырыбындағы жазба мұралар мәтіні қаралды. Сол күні «Миллет» ұлттық қолжазба кітапханасындағы Маулана Иусуф әл-Хорасани ат-Табибтің «Фарханг» (A.E. Farsca, 0237-3) медициналық сөздігінің сандық көшірмесі алынды.

 

Сейсенбі, 17-мамыр Бурса қаласындағы Инебей қолжазбалар кітапханасында жұмыс жасалды. Онда «Дәстүр әл-‘илаж» трактатының мәтініне ұқсас парсы және түркі тілдеріндегі 4 медициналық трактат мәтіні қаралды.

 

Сәрсенбі, 18-мамыр: Стамбул Университеті, FAMER (Farabi Avrasya Çalışmaları Uygulama ve Araştırma Merkezi) зерттеу орталығы басшыларымен кездесіп, өзара ынтымақтастық туралы кеңестік. Сол күні Түркия уақытымен сағ.: 22:15 Стамбұлдан Алматы қаласы бағытындағы ұшаққа отырып, Алматыға (жұма, 19-мамыр күні сағ.: 06:05) оралдық.

 

Қорытынды:

Ғылыми іздестіру жұмысы Түркия кітапханаларындағы парсы және түрік тіліндегі жазба деректерге жүргізілді. Жазба деректер арасынан гранттық ғылыми жобаның негізгі зерттеу объекітісі – «Дәстүр әл-‘илаж» медициналық тарктат нұсқасы іздестірілді. Археографиялық және ғылыми-іздестіру жұмысы барысында негізінен анонимдік медициналық трактаттар мен аударма еңбектердің мәтіні қаралды. Нәтижесінде арнайы зерттеуге арқау болар 3 қолжазба деректің көшірмесі алынды. Жалпы ортағасырлық медициналық шығармалардың басым көпшілігі Кония кітапхана қорында мол сақталғаны анықталды. Жобаның зерттеу тақырыбына қажетті деректер Кония кітапхана қорында, ол қолжазбалардың сандық көшірмесін алуға сұрау жіберілді.

 

Іс сапар нәтижесі:

- Түркия Республикасының 4 қолжазба қорында ғылыми-іздестіру жұмысы жасалды;

- барлығы 12 қолжазба және 10 аса сирек кітаптар қаралды;

- 12 жазба дерекке археографиялық зерттеу жұмысы жүргізіліп, мәтіні оқылды.

- жобаға қажетті Сүлеймания («Рисале ма ита’аллақ фи ат-Тибб», «Китаб-е Тибб») және Миллет кітапханасынан («Фархган») 3 жазба деректің PDF нұсқадағы көшірмесі алынды.