АР09259326 «Дастӯр ал-‘илāж» – далалық медицина дереккөзі» гранттық жоба жетекшісі доц. З. Шадкамның 22-29 тамыз 2022 ж. аралығында Әзірбайжан Республикасы Баку қаласына іс сапары

22.08.2022

Көрулер: 113

АР09259326 «Дастӯр ал-‘илāж» – далалық медицина дереккөзі» гранттық жоба аясындағы іссапарда болып келдім.

Іссапар аясында: 22.08. 2022 ж. Баку Хәзәр университеті Мевлана институті диреторы асс.проф. Незакәт Мәмәдлимен кездесіп инситуттің жұмыс бағыты, институттегі қолжазба деректерімен танысу мүмкіндігі болды. Парсы, түркі тіліндегі қолжазбалардың қазіргі әзірбайжан тіліне аударма жұмыстарының жоғары дәрежеде жүріп жатқаны байқалды.

– 23.08.22 ж. Әзірбайжан Республикасының Ұлттық Ғылымдар Академиясы Низами атындағы тіл білімі институтінде болып, институттің директоры проф. Н. Мамадлимен кездестім. Болашақта екі әл-Фараби Қазақ ұлттық университетімен бірлесіп, ғылыми жобалар ұйымдастырып, ортағасырлық жазба деректерге байланысты зерттеулерде ортақ жұмыстар жасау туралы сұхбаттастық.

– 24.08.2022 ж. Баку Хәзәр университеті ректоры Ирада Халиловамен кездесіп таныстым. Ректор И. Халилованың тапсырмасы негізінде дайындалған екі университет (Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті) арасында академиялық ынтымақтастық бағытында келісім шарт мәтінін ректоратқа алып келдім. Осы күні Әзірбайжан тілінде (араб графикасымен) жазылған «Рүстәм-наме Түрки» дерегі туралы Мевлана институтінің ғылыми қызметкерлері және доктонттарына лекция оқыдым.

– 24-26.08.2022ж. Әзірбайжан Республикасы Ұлттық Ғылымдар Академиясы жанындағы Физули атындағы қолжазбалар институтінің директоры академик Тимур Кәримли және бір қатар ғылыми қызметкерлерімен сұхбаттасып, ортағасырлық түркі деректердің зерттелуі, жинақталуы, сақталуы және каталог жасалу мәселелерін талқыладық. Институттің сирек кітап қорларымен танысып, жобамызға қатысты материалдар қаралды. Институт басқармасы қажет көмекті көрсетуге дайын екенін айтты. 26.08.2022 ж. институт қызметкерлеріне шағатай тілінде жазылған «Нұрнама» мен «Дәстур әл-ʿилаж» қолжазба деректерінің тілі» тақырыбында лекция оқыдым.

Іссапар барысында жаңа мүмкіндіктер мен мамандармен таныстық. Алдағы уақытта ғылыми зерттеу жобаларға бірге жұмыс жасауға Әзірбайжан ғалымдары өздерінің ынталы екенін байқадық. Жалпы айтқанда іссапарымыз жемісті және табысты өтті деп айта аламыз.

 

 

Шадкам Зубайда