«Үздік ғылыми қызметкер-2022»

28.12.2022

Көрулер: 551

Республикалық комиссия отырысының нәтижесінде отандық ғылымның дамуына елеулі үлес қосқан 50 ғалымға сыйлық беру туралы шешім қабылдады. Жаратылыстану ғылымдары саласында Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, физика-математика ғылымдарының докторы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың теориялық және ядролық физика кафедрасының профессоры Әбішев Медеу Ержанұлы жыл сайын берілетін  «Үздік ғалыми қызметкер» сыйлығының 2022 жылғы иегері атанды.