«Тарихи сананы жаңғырту»

13.04.2021

Көрулер: 1606

«Тарихи сананы жаңғырту» тәрбиелік сабағын топтың эдвайзер-кураторы Ыдырышбаева М.Б. сөз сөйледі «Осыдан бір жарым жыл бұрын менің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақалам жарыққа шықты. Жоғарыда аталған жобаларды «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы ретінде қарастырамын. «Рухани жаңғыру» жалпыұлттық бағдарламасының жаңа компоненттері ата-бабаларымыздың көп ғасырлық мұрасының цифрлық өркениет жағдайында түсінікті әрі сұранысқа ие болуын қамтамасыз ете отырып, оны жаңғыртуға мүмкіндік береді.» атты ҚР тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен бастады. Топ кураторы Ыдырышбаева М.Б. «Ұлы даланың жеті қыры» тәрбиелік сабағының екінші бөлімін көрнекілік құралдарымен түсіндіріп берді. Студенттер «Тарихи сананы жаңғыртумен» танысқаннан кейін ой алмасу түрінде өз түсініктерін оқытушыға айтып берді, топ болып бірігіп мәселер талқыға салынды.