«Ұлы даланың жеті қыры»

15.03.2021

Көрулер: 1533

Бірінші болып топтың эдвайзер-кураторы Ыдырышбаева М.Б., сөз сөйледі, тәрбие сағатты «Кеңістік – барлық нәрсенің, ал уа­қыт – бүкіл оқиғаның өлшемі. Уа­қыт пен кеңіс­тіктің көкжиегі тоғысқан кез­де ұлт тарихы басталады.» атты ҚР тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен бастады. Топ кураторы Ыдырышбаева М.Б. «Ұлы даланың жеті қыры» тәрбиелік сабағының бірнші бөлімін көрнекілік құралдарымен түсіндіріп берді. Студенттер «Ұлы даланың жеті қырымен» танысқаннан кейін ой алмасу түрінде өз түсініктерін оқытушыға айтып берді, топ болып бірігіп мәселер талқыға салынды.            

«Ұлы даланың жеті қыры» тәрбиелік сабағы екі бөлімнен тұрды. Тәрбиелік сабақтың бірінші бөлімінде төмендегі мәселлер қарастырылды:

1. АТҚА МІНУ МӘДЕНИЕТІ
2. ҰЛЫ ДАЛАДАҒЫ ЕЖЕЛГІ МЕТАЛЛУРГИЯ
3. АҢ СТИЛІ

4. АЛТЫН АДАМ

5. ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ БЕСІГІ
6. ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫ

7. ҚАЗАҚСТАН – АЛМА МЕН ҚЫЗҒАЛДАҚТЫҢ ОТАНЫ