«Мағжан Жұмабаев шығармашылығындағы ұлттық тәрбие» (ашық кураторлық сағат)

01.03.2021

Көрулер: 2742

М.Жұмабаев қашан да тәрбие мақсатын келер күн талабымен ұштастырды.  М.Жұмабаев халық тәрбиесін қастерлей отырып, оны да жұрт талқысынан өткізіп қабылдаудың қажеттігін ескертеді. “Талай нашар, зиянды әдеттер әрбір ұлт тәрбиесі ішінде толып жатыр”, -дей келіп, автор тәрбиешінің педагогикалық шеберлігін ұштау мәселелеріне ден қояды.  Қоғамға қалыпты бейімделген, қалыптасқан және әлеуметтік нормаларды игерген адам қоғамда тұлғалық дамуға, жүйелі өмір сүруге қол жеткізеді. Отбасында алған –тәрбие, білім беру мекемелерінде алған- білімі мен тәрбиесі және тағы басқа институттардан алған оң құндылықтар адамның өмір бойы дұрыс, салауатты өмір сүруінің кепілі болады.