«Тәуелсіздік-ең басты құндылығымыз» тақырыбында мерекелік ашық сабақ

14.04.2022

Көрулер: 1585

Бірінші болып топтың куратор-эдвайзері Бейбітхан Е. ашық сабақтың тақырыбын жариялау, ашық сабаққа бастау берді.

          Келесі сөз кезегі іс-шараның жүргізушісі Жексенбаева Айгерімге берілді. Айгерім ұсынылған жоспарға сәйкес ашық сабақты бастады. Ең алдымен топ студенті Жексекова Жұлдызай тәуелсіздікке қалай жеткеніміз турасында айтып өтті. Келесі кезекте Қаржаубаев Қуаныш және Әлмеш Қарлығаш тәуелсіздікке арнаған өлеңдерін оқыды. Келесі сөз кезегі топ студенттері Асбанбек Оразбек пен Нұрпейіс Назеркеге берілді. Олар тәуелсіздікке байланысты халықтан сұхбат алып дайындап келіп, видео арқылы көрсетті.

          Келесі кезекте топ студенттері тақырыпқа сәйкес дайындап келген ойындарын көрсетті. Келесі сөз кезегі көрініске берілді.Топ студенттері Zoom платформасы арқылы «Қайрат сот алдында» көрінісін көрсетті. Ашық сабақ соңында Қаражан Біржан «Желтоқсан желі» өлеңін орындады.

Куратор-эдвайзер: Иә, тәуелсіздік бізге оңай келмеді. Тәуелсіздік жолында Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев, Сәбира тағы басқалары сияқты қазақ жастары желтоқсан оқиғасы кезінде қайсарлықпен ерлік көрсетіп құрбан болды.Біз осындай аға-апаларымыздың ерлігімен тәуелсіздікке жеткенімізді ұмытпауымыз керек. Баршаңызды тәуелсіздігіміздің 30 жылдығымен құттықтаймын деп студенттерді мерекемен құттықтап ашық сабақты қорытындылады.  

Ашық сабақтың соңында студенттер келген қонақтарға жылы лебіздерін білдіріп алғыстарын айтты.