«Төрлет, Әз- Наурыз» тақырыбында мерекелік ашық сабақ

17.03.2021

Көрулер: 1697

Бірінші болып топтың куратор-эдвайзері Бейбітхан Е. ашық сабақтың тақырыбын жариялау, ашық сабаққа бастау берді. Келесі сөз кезегі іс-шараның жүргізушісі Ақылбекқызы Гүлданаға берілді. Гүлдана ұсынылған жоспарға сәйкес ашық сабақты бастады. Топ студенттері Наурыз мерекесіне арналған өлең шумақтарын оқыды.

Келесі сөз кезегі топ студенті Қаражан Біржанға берілді. Біржан Наурыз мерекесін қазақ халқының жаңа жылы ретінде санап, Жаңа жыл әнін аспаппен орындады. Наурыз мерекесі ұлттық мереке болғандықтан студенттер ұлттық ойындарға да,наурыз туралы қызықты ақпараттарға да тоқталып өтті. Ашық сабақта Жексенбаева Айгерім Түркештің «Көңілашар» күйін орындады. Келесі кезек топ студенті Нұрпейіс Назеркеге берілді.Назерке Наурыз мерекесінде дайындалатын Наурыз көже тағамының қалай дайындалатынына және құрамына тоқталып өтті. Ашық сабақ соңында Жексенбаева Айгерім Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған Талғат Сарыбаевтың «Наурыз» әнін орындады.

Куратор-эдвайзер:Наурыз мерекесі Қазақ халқының ең үлкен мерекелерінің бірі. Қазақ халқының жаңа жылы- Наурыз мерекесі. Сіздерді ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесімен құттықтаймын, отбасыларыңызға бақыт пен қуаныш тілеймін.Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын деп студенттерді мерекемен құттықтап ашық сабақты қорытындылады.  

Ашық сабақтың соңында студенттер келген қонақтарға жылы лебіздерін білдіріп алғыстарын айтып,мерекемен құттықтады.