«Дәстүр және дін»

03.04.2022

Көрулер: 1481

Іс-шара ұйымдастырушылары: «Ақпараттық жүйелер» кафедрасының «Ақпараттық жүйелер» мамандығының 3 курс, АЖ-18-6 тобының студенттері және топ куратор-эдвайзері Бейбітхан Е.

Бірінші болып топтың куратор-эдвайзері Бейбітхан Е. ашық сабақтың тақырыбын жариялау, ашық сабаққа бастау берді.

          Келесі сөз кезегі іс-шараның жүргізушісі Жексенбайева Айгерімге берілді. Айгерім ұсынылған презентацияға сәйкес Жер бетіндегі барлық діндер бейбітшілік, рақымдылық, әділдік сияқты жоғарғы құндылықтарға негізделген, солардың ішінде, ең соңғы кемеліне келген әрі мейірім мен рақымдылықты ту еткен дін – Ислам діні туралы қысқаша мәлімет берді.

Келесі сөз кезегі топ студенті Нұрпейіс Назеркеге берілді. Назерке қазақ халқының қыздарының киім кию үлгісі туралы видеокөрініс көрсетіп, қазіргі заманмен ұштастырды.

Келесі кезекте топ студенттері Әлішер Разматулла мен Исмайлов Ернар халық хадистердің мазмұнын мақалға айналдырып дәріптеді.

          Ашық сабақты Жексенбаева Айгерім « Шүкір, шүкір, Аллаға шүкір» әнін орындады.

          Келесі кезекте студеттеріміздің көкейіндегі сұрақтарға жауап беру мақсатында топ студентіміз Аспанбек Ораз діни ұстаздардың видеокөрінісін көрсетті.

Куратор-эдвайзер:  Әрбір адам діни экстремизм мен терроризмнен хақ дінімізді дұрыс ажырата білгендері абзал. Ол үшін барша адам діни тұрғыдан сауаттарын ашқандары дұрыс. Сол кезде ғана, адасушылықтан бойымызды аулақ ұстап,  Ислам дініміздің хақ екендігіне көзімізді анық жеткіземіз деп қорытындылап ашық сабақты аяқтады.