«Қош келдің, әз-Наурыз»

26.05.2021

Көрулер: 1514

20.03.2020 ж. «Ақпараттық жүйелер» мамандығының АЖ-20-1 тобының және куратор-эдвайзер Г.И. Ақшолақтың ұйымдастырумен Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамына арналған «Қош келдің, әз-Наурыз» атты рухани құндылықтарымызды, салт-дәстүрімізді, әдет-ғұрыпымызды дәріптеуге арналған танымдық-тәрбиелік іс-шара өткізілді. Бұл іс-шара барысында Дәлеткерейдің «Көреғұлы», Н. Тілендиевтің «Аққу» күйлері орындалды. Студенттер Қыдыр ата, Алдар көсе және Тазша бала образдарын сомдап шағын көрініс ұйымдастырды. Студенттер мен іс-шараға қатысқан қонақтар арасында қазақ халқының салт-дәстүріне, ұлттық ойындар мен киімдеріне қатысты ойындар ойнатылды. Ұлттық тағам түрлері және олардың жасалу жолдары көрсетілді. Іс-шара соңында кеш қонағы Ақпараттық жүйелер кафедрасының аға оқытушысы Болат Кусаинович сөз сөйлеп, бата берді.

Ақпараттық жүйелер кафедрасы