«Жыр алыбы – Жамбыл»

06.04.2021

Көрулер: 1327

«Ақпараттық жүйелер» кафедрасының «Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері» мамандығының 2 курс, СИБ-19-8 тобының студенттері және топ куратор-эдвайзері Әмірова Д.Т.

Бірінші болып топтың куратор-эдвайзері Әмірова Д.Т. ашық сабақтың тақырыбын жариялау, ашық сабаққа бастау берді.

Келесі кезекте Әлтән Думан, Каржауов Батыр ұсынылған презентацияға сәйкес Жамбыл Жабаевтың өмірбаяны туралы баяндама оқыды.

Келесі болып Бектан Бактыбай және Бостанов Абылай Ж.Жабаевтың өмірі мен шығармашылығына, ақынның қазақ әдебиетіндегі алатын орны мен маңызына тоқталды. Оның поэтикалық мұрасы қазақ халқының рухани қазынасының алтын қорына енді. Жамбыл Жамабаевтың шығармалары әлемнің ондаған тіліне аударылып дүние жүзіне тарады. Ол КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.

Сабақтың соңында студенттер ақынның өмірбаяны мен шығармашылығы бойынша kahoot! платформасында тест жүргізді, тестті Жусипбеков Куаныш және Қуанышев Мирас дайындады.