«Ұлт көсемі» атты Әлихан Бөкейханның 155 жылдығына арналған онлайн кездесу (кураторлық ашық сабақ)

26.02.2021

Көрулер: 1487

Жауапты тұлға, куратор-эдвайзер: Құрметқан Т.

Қатысушылар:«Ақпараттық жүйелер» кафедрасының «Ақпараттық қауіпсіздік жүйелер»-19-04 мамандығына оқып жатқан студенттер мен АЖ кафедрасының тағы басқа топ студенттері.

Едвайзерлік сағатқа шақырылған қонақ: ҚР Парламенті Мәжіліс депутаты, тарихшы, саясаттанушы Берік Әбдіғалиұлы.

Алдымен сөз сөйлеген оқытушы Құрметқан Тұрдыбек биылғы жылдың тәуелсіздіктің 30 жылдығымен бірге қазақ халқының азаттығы үшін күрескен, қазақ мемлекетін Жапон елі сияқты ғылым мен білімге, техникаға сүйенген озық елге айландыруды мақсат еткен 20 ғасырдағы ұлт көшбасшысы, Алаш орда үкіметінің төрағасы болған Әлихан бөкейханның 155 жылғы екенін айтып, студенттерге ұлы тұлғаны ұстанымы мен еңбек жолы өнеге болсын деп қазрігі кезде елге қызмет етіп жүрген азамат Берік Әбдіғалиұлын кездесуге шақырғанын айтып, қонаққа сөз берді. «Ұлт көсемі» атты онлайн кездесу өткізді.

Сөз алған Б. Әбдіғалиұлы Ә. Бөкейхан бастаған Алаш орда қозғалысы, алаштықтардың қазақ мемлекетінің теритоиясын сақтап қалу барысы туралы айтып, тәуелсіз елде өмірге келген жастарымызға азаттық үшін күрескен тұлғаларды ұмытпауға, отан сүйгіштікке шақырып, білімді және мінезді болуы керектігін айтты. Әбенов Болат, Баймулдина Назира қатарлы АЖ кафедрасының мұғалімдері мен студенттері спикерге сұрақтарын қойды.

 Кездесудің толық нұсқасы: https://youtu.be/26qAKodkcKs