«Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхановтың туылғанына 155 жыл» тақырыбында ҚР тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған ашық кураторлық сағат

30.04.2021

Көрулер: 2012

 Ашық сабақтың бастауы болып топтың куратор-эдвайзері Адилжанова С.А. ашық сабақтың тақырыбын жариялау берді. Келесі сөз кезегі іс-шараның жүргізушісі Рысбек Арайға берілді. Арай  ұсынылған презентацияға сәйкес Әлихан Бөкейхановтың өмірбаяны туралы қысқаша мәлімет берді. Келесі сөз кезегі топ студенттері Адилхан Шыңғыс, Фазылов Бекзат пен Абдраманов Данабекке берілді. Қазақ елінің тарихында талай қиыншылықтар кезінде елі мен жері үшін батылдық танытып, жаулардан қорғаған, ел қорғауды ұран етіп, сол жолда құрбан болып, ел құрметіне бөленген батырлардың бірі Әлихан Бөкейхановты еске алынды.   Ашық сабақты Уралова Фатима мен Исабекова Аружан Әлихан Бөкейхановтың қоғамдық саяси қайраткер ретінде іс-әрекетімен, сіңірген еңбегімен таныстыру арқылы жалғастырды.          Топ студенті Ережепов Қазыбек Әлихан Бөкейхановтың карьералық қызметі барысында өткізген іс-шараларына жеке-жеке тоқталып айтып өтті.          Сонымен қатар, студенттер Әлихан Бөкейхановтың қазақ ұлттық идеясын дамытып қана қоймай, біздің еліміздің көршілес мемлекеттерінің мәдениетіне үлесін қосқанын меңзеп кетті.          Студент Амангелді Нұрғалым қазақ әдебиетінің батырлар жыры жанрының керемет үлгісі «Қобыланды жырынан» үзінді оқыды. Куратор-эдвайзер қорытынды сөзінде студенттердің білімін пысықтау мақсатында блиц-сұрақтарды қойып, ұсынған материалдарының мақсаты және құндылығы туралы қорытындымен ашық сабақты аяқтады. Ашық кураторлық сағаттың жазбасы https://youtu.be/1vHDhWD-by8 сілтемесі бойынша қолжетімді.