«Мен таңдаған мамандық» тақырыбында өткізілген ашық кураторлық сағат
17.04.2022Қатысушылар: «Ақпараттық жүйелер» кафедрасы, АЖ-19-08 тобының студенттері
АЖ-1908 тобының студенттеріне мамандық әлемінде өзін-өзі тани білуіне, дүниетанымын кеңейтуіне үлес қосу және қоғам алдындағы үлкен жауапкершілігін қалыптастыру мақсатында кураторлық сағат өтті. Студенттермен мамандықты дұрыс таңдау жайлы және қазіргі таңдағы отандық IT саласының дамуы жайлы сөз қозғалды. IT – еңбек нарығындағы қоғамға қажетті және үлкен сұранысқа ие қызметтер жайлы және осы қызметтерге қажетті білім мен білік туралы мәліметтер айтылды.