«Менің мамандығым – менің болашағым» тақырыбында өткізілген ашық кураторлық сағат

06.04.2022

Көрулер: 2418

АЖ-19-03 тобының студенттеріне мамандық әлемінде өзін-өзі тани білуіне, дүниетанымын кеңейтуіне үлес қосу және қоғам алдындағы үлкен жауапкершілігін қалыптастыру мақсатында кураторлық сағат өтті. Студенттермен мамандықты дұрыс таңдау жайлы және қазіргі таңдағы отандық IT саласының дамуы жайлы сөз қозғалды. IT – еңбек нарығындағы қоғамға қажетті және үлкен сұранысқа ие қызметтер жайлы және осы қызметтерге қажетті білім мен білік туралы мәліметтер айтылды.

Отандық IT-сала жаһандық IT-индустрияның бір бөлігі болып табылады. IT-мамандық бүкіл әлемде үнемі трансформация процесінде, ал осы саладағы қызметкерлер жаһандық процестердің қатысушылары болып табылады. Нәтижесінде, отандық еңбек нарығында IT мамандарына деген сұраныс зор. Жұмыс саласының ерекшелігіне қарамастан, бағдарламалық өнімдер мен операциялық жүйелер (software) немесе құрылғылар мен девайстар техникалық тұрғыдан (hardware) болсын, IT-мамандар адам мен компьютердің өзара әрекеттесу мүмкіндігі, оны қолдау және ақауларды жою үшін жағдай жасау және әзірлеу мәселелерімен айналысады. Осылайша, ақпараттық технологиялар саласындағы мамандар ақпараттық технологиялардың қазіргі өмірге ену мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

Еліміздің әрбір азаматтары білім алып, еңбектеніп, еліне деген махаббатпен әрбір істе жауапкершілікпен атсалысса, біздің ел болашағы жарқын болады деп сенемін.