Тәуелсіздік тірегім

16.12.2021

Көрулер: 8115

Тәуелсіздік бұл кез келген, халықтың, елдің еркіндігі. Яғни, өзінің алдындағы дербестігі, қанатының кеңге жая алуы. Біз бақыттымыз өзіміздің тіліміз, дініміз, діліміз, салт мен дәстүр, ғұрып, мәдениетіміз бар және олар дамыған. Оған қоса ішкі және сыртқы экономикамызда қалыптасқан. 

«…Уақыт қарқыны зымыран. Күні кеше өткен сияқты уақиғалар бүгінде тарих беттеріне айналып та үлгірді. Бұл жаңа мемлекет пен жаңа қоғамның дүниеге келуінің азапты толғаққа толы, сонымен бірге ғаламат сәті еді. Сол сәт әлі аяқталған жоқ, бірақ ең қиын белестерден аса білдік. Ең қиын жылдар дәл қазір артымызда қалды, сондықтан да мен еліміздің еңсесі биіктей беретініне сенемін.» (Н.Назарбаев) 

Тәуелсіздік – ащы термен келген тәтті жеңіс. Төгілген қанның, өлмеген жігердің отымен келген ұлы күн.