«Тәуелсіздік - ел тұғыры »

19.03.2021

Көрулер: 2710

 Қазақстан – өте үлкен республика. Оның табиғаты алуан түрлі, жері бай. Талай қиындықтарды бастан кешкен қазақ халқы бүгінгі күні – егемендікке қол жеткізіп отырған ел. Тәуелсіздігімізге арналған салтанатты мерекемізді еліміздің әнұранымен бастадық. Одан кейін Байден Аружан Әлішерқызы баяндама оқыды, Отаным - сонау Каспийден Алтайға дейін созылып жатқан қасиетті өлке – Қазақстан. Қазақстан – тәуелсіз, азат ел. Сол тәуелсіздік жолында қазақ бабам не көрмеді десеңізші?! Еліміздің басынан азап та, аштық та, сұм соғыс та өтті. Әсіресе ХХ ғасыр қазақ халқы үшін ауыр, қайғыға толы кезеңдерімен есте қалады. 1916 жылғы көтеріліс 1928 - 1932 жылдардағы аштық, Ұлы Отан соғысы, 1986 жылғы жерді дүрсілкендірген желтоқсан оқиғасы.Бұның барлығы да қазақ жеріне ауыр жара салды. Қанша қиыншылық келсе де біз оны ешқашан ұмытпаймыз. Себебі бұл – тарих.Студенттер Қазақстанның кешегі күніне, яғни тарихқа шолу жасады. Әр топқа тапсырмалар беріледі. Берілген тапсырмаға 3 мин ішінде постер жасау.1-топ – 1465 - 1986 жылдардағы тарихы.2-топ – 1986 жыл.3-топ – 1986 - 1991 жылдар.4-топ – 1991 - 2015 жылдар.3. Постер қорғау.1-топ бастады.2-топ қорғады.1 минут үнсіздік жариялау.Видеосюжет көрсетілді.«Желтоқсан желі» өлеңін бүкіл топпен бірге айту.1991 - 2015 жылдар. Қазақстан бүгін.(Бүгінгі күннің тарихына шолу)Қазіргі кезде Қазақстан қандай? Біздің туып - өскен жеріміз, еліміз – Қазақстан. Еліміз мұнайға пайдалы қазбаларға өте бай. Қазір ынтымағы жарасқан көптеген ұлттың өкілдері тұрады. Олар: орыс, татар, өзбек, неміс, түрік т. б. көп ұлттар тұрады. Ол бүгінде дүние жүзінің көптеген елдерімен достық байланыс орнатқан, бүкіл әлем таныған елге айналды. Біздің еліміздің президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бейбітшілікті нығайту жолында көп жұмыстар атқарып келеді. Еліміз ЕД, ТМД, БҰҰ ұйымдарына мүше. Қазір еліміз алдыңғы қатарлы дамыған 30 елдер қатарына қосылуға талпынып жұмыстар атқаруда. Мемлекетіміз заман талабына сай заманауи техникалар мен машиналар, өнеркәсіптер қарыштап дамып келеді. Мен осы тәуелсіз Қазақстан Республикасының азаматы болғаныма мақтанамын.Қазіргі таңда Қазақстан өркениетті, дамыған елдер қатарында енген мемлекет. Еліміз, тәуелсіз, дербес ел атанды. Ел өз қалауымен президентті сайлап Ата Заңымыз бен мемлекеттік рәміздерді қабылдадық. Ана тіл - қазақ тілі мемлекеттік тіл болып жарияланды. Қазақстанның астанасы – Астана қаласы. Ол күннен күнге жаңарып, жаңа белестерге көтерілуде. Осы мемлекетті одан да биіктен көрсету ұрпақтың, қазақ ұландарының қолында деп есептеймін.Оқушылар тақта алдына шығып ант етеді:Біз тәуелсіз, бәсекеге қабілетті, бай, экономикасы дамыған, алдыңғы қатарлы елдің нағыз патриоты болуға ант етеміз!