“Тәуелсіздікке 30 жыл” атты мерекелік кеш

12.03.2021

Көрулер: 1778

Қазақстан Республикамыздың Тәуелсіздігіне 30 жыл болғанына байланысты, 2021 жылдың 12 наурызында “Ақпараттық жүйелер” кафедрасының оқытушысы, куратор Бақытгүл Ералықызының басшылығымен «Ақпараттық қауіпсіздік жүйелер» мамандығының 20-01 тобының студенттерімен Teams платформасында онлайн-режимде “Тәуелсіздікке 30 жыл” атты мерекелік кеш өткізілді:
1. Студенттер Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған презентация дайындады.
2. Студенттермен осы тақырыпты талқылай отырып, Желтоқсан оқиғасына арналған көрініс көрсетілді.
3. Студенттер арасында “Алма ағашы” атты ойын ойнатылды.
4. Қазақтың ішекті аспабы домбырамен күй тартса, бірі гитарамен ән шырқады
5. Тәуелсіздікке 30 жыл болуына байланысты шетел азаматтардың құттықтау және тілектері айтылған видеобейне көрсетілді.
Мерекелік кештің мақсаты – өз еліміздің тілін, тарихын, салт-дәстүрін, әдебиетін қадір тұтып, құрметтеу, сондай-ақ, мемлекетімізді әлемдік деңгейге жеткізу біздің қолымызда екенін, студенттерге патриоттық тәрбие беру болып табылады.
“Ақпараттық жүйелер” кафедрасының оқытушысы Ілесова Бақытүл Ералықызы