"Жұмысқа тұру кезінде бітіруші түлек нені білуі тиіс?" атты ашық кураторлық сағат

03.03.2021

Көрулер: 1140

АЖ-18-09 тобының студенттеріне мамандақ әлемінде өзін-өзі тани білуіне, дүниетанымын кеңейтуіне үлес қосу және қоғам алдындағы үлкен жауапкершілігін қалыптастыру мақсатында кураторлық сағат өтті. Студенттермен мамандықты дұрыс таңдау жайлы және қазіргі таңдағы отандық IT саласының дамуы жайлы сөз қозғалды. IT – еңбек нарығындағы қоғамға қажетті және үлкен сұранысқа ие қызметтер жайлы, және осы қызметтерге қажетті білім мен білік туралы мәліметтер айтылды. Кураторлық сағат топ кураторы Алимбекова Салтанат Нурлановнаның жетекшілігімен жүргізілді.

"Жұмысқа тұру кезінде бітіруші түлек нені білуі тиіс?" атты ашық кураторлық сағат