«Тәуелсіздігімізге 30 жыл» тақырыбында ҚР тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған ашық кураторлық сағат

29.04.2021

Көрулер: 2557

Өткізілген күні: 29.04.2021 ж., 15.30

Іс-шараның мақсаты: Еліміздің тәуелсіздік үшін күрес жолы туралы жастарды толық хабардар ету.

Іс-шара ұйымдастырушылары: «Ақпараттық жүйелер» кафедрасының «Ақпараттық жүйелер» мамандығының 3 курс, АЖ-18-10 қысқартылған топ бөлімі тобының студенттері және топ куратор-эдвайзері Алимбекова С.Н.

Топтың куратор-эдвайзері Алимбекова С.Н. ашық сабақтың тақырыбын жариялап, ашық сабаққа бастап берді. Келесі сөз кезегі іс-шараның жүргізушісі Меңлібекова Дильназға берілді. Дильназ ұсынылған презентацияға сәйкес Қазақстан тәуелсіздікті қай кезде және қандай еңбекпен алғаны туралы қысқаша мәлімет берді.

Келесі сөз кезегі топ студенті Жаңабаева Гулжауһарға берілді. Гулжауһар қазақ елінің тарихында талай қиыншылықтар кезінде елі мен жері үшін батылдық танытып, жаулардан қорғаған, ел қорғауды ұран етіп, сол жолда құрбан болып, ел құрметіне бөленген батырларды еске алды.

Келесі кезекте топ студенттері Омар Айым, Меңлібекова Эльназ, Кайргазина Динара сөз сөйледі. Ашық сабақ соңында топ куратор-эдвайзері Алимбекова С.Н. сөз сөйлеп, ашық кураторлық сабақ қонағы Бакибаев Адиль Валихановичке сөз берді.

Ашық кураторлық сағаттың жазбасы https://youtu.be/TSgyL8UIOu8 сілтемесі бойынша қолжетімді.