«Отан қорғаушылар» күніне орай мерекелік дастархан
Көрулер: 477
«Қайрат етер кезіңде - жүк көтерер нардай бол,
Ақыл айтар кезіңде - жүз жасаған шалдай бол.»
Бауыржан Момышұлы
Сәуірдің 6-сы күні, кафедрамыздың арулары ер азаматтарды «Отан қорғаушылар күнімен» құттықтады. Аталарымыз ел басына күн туғанда қолына қару асынып, біз үшін, болашақ үшін қасық қаны қалғанша күрескені тарихтан мәлім. Ал, қазіргі бейбіт заман – қойнына қару алып жататын заман емес, «біліммен, ғылыммен соғысатын заман», осы кезекте ер азаматтарымыз ғылымның алдыңғы шебінде жүр. Бұл оларды кемсітіп, я болмаса кекеткенім емес, керісінше қай заманда болмасын халқымыздың ғылымға ерекше көңіл бөлгендінің белгісі. Халық арасында қалған: «Күш — білімде, Білім — кітапта», «Білегіңе сенбе, Біліміңе сен» сияқты нақыл сөздер айқын дәлел деп білемін. Мерекелік шараға кафедрамыздың беделді ұстаздары мен факультет деканаты, сонымен қатар жас мамандар қатысты.
Кафедра арулары атынан ер азаматтарымыздың төл мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Жұмыстарыңызға береке, отбасыларыңызға амандық, елімізге тыныштық тілейміз!






